-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Көз – адамның шырағы

    09.11.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Көз – адамның шырағы
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Ғылым мен техника алға өрлеген заманда адамдар көздің көру қабілетіне жиі шағымданатын болды. Ал медицинаның көру ағзаларын емдейтін саласы – офтальмология. Ол да дәуір талабына сай жедел дамып келеді. Талғар қаласындағы өзін жақсы жағынан көрсетіп, сұранысқа ие болып отырған осындай емдеу орындарының бірі – «Visusmed».

    Клиника ғимаратының табалдырығынан аттаған сәтте-ақ емделушілерді жайдары жүзді, кішіпейіл қызметкерлер күлімдеп қарсы алып, сол сәтте тіркеп, дәрігердің қабылдайтын уақытын айтады. Науқастың жағдайы мен түріне қарай емдеу шаралары амбулаторлық және стационарлық жағдайда жүргізіледі.
    Емхана директоры, біліктілік дәрежесі жоғары дәрігер Нұрсұлтан Төрәлиевтің айтуынша, орталықта катаракта, птеригиум, халязион, блефаропластика сияқты көз ауруларының бәріне ота жасалады және глаукома ауруын емдейді, көздің ішкі иньекциясына екпе де салынады.
    «Visusmed» емдеу орталығы өз жұмысын 2023 жылдың ақпан айында Алматы қаласында бастады, бірақ құрылтайшылардың тілегіне орай Талғар қаласына көшіп келуге шешім қабылданған. Өйткені бұл жерде бәсекелестік деңгейі төмен, сол себепті тұрақты орнығып қалу мүмкіндігі жоғары. Мұнда өте кең және ыңғайлы, жоғарыда аталған ота түрлері жасалатын арнайы зал, диагностикалық кабинет, офтальмологтің қабылдау бөлмесі, науқастарға арналған палата бар. Заманауи құралдар көз ауруларының барлық түріне сапалы ота жасауға мүмкіндік береді. Орталықта 8 адам жұмыс істесе, соның төртеуі, директорды қоса алғанда – дәрігер-офтальмолог. Олардан басқа келушілерге бір медбике, бір санитар және екі кеңесші қызмет көрсетеді.
    Біз келгенде емдеу орталығының директоры Нұрсұлтан Төрәлиев көрінуге келген науқасты қабылдап, арнайы аппаратта көзін тексеріп отыр екен. Оның бұл саладағы еңбек өтіліне он жылдан асыпты. Алматы қаласындағы жетекші медициналық орталықтар мен көз аурулары институтында тәжірибеден өткен. Мұндағы барлық қызмет ақылы. Сонымен бірге міндетті сақтандыру және ақысыз кепілді медициналық жәрдем жүйесі бойынша көрсетілетін қызмет те бар екенін айта кеткен жөн.
    Директордың айтуынша, оларға көбіне аудандық ауруханада тегін тексерілетін науқастар жолдамамен келеді. Клиниканың сұранысқа ие екенін мына деректерден байқауға болады: орталықта ай сайын 3 мыңға жуық адам тексеруден өтіп, ем алады. Солардың ішінде орташа есеппен 500 адамға ота жасалады. Нұрсұлтан Төрәліұлы сау адам көзін сақтау үшін жылына екі рет мамандарға хабарласып, кеңес алып тұруы қажет деп есептейді. Ал көзі ауыратын жандар дәрігерге жиі көрініп тұрғаны жөн. Миопия, алыстан нашар көрушілік, катаракта, глаукома, ретинопатия адамдарда ең жиі кездесетін ауруларға жатады. Мониторлы компьютер, планшет мен ұялы телефонды тұрақты түрде ұзақ қолданудан жиі түйткілдер туындайды. Тіпті компьютерлік көру синдромы (Computer Vision Syndrom – CVS) деген жеткіліксіз жыпықтаудың салдары «құрғақ көз» синдромымен астасатын бөлек диагноз да бар. Дәрігердің түсіндіруінше, бұл – қазіргі компьютер мен әлеуметтік желі заманы тудырған түйткілдер. Сондықтан бұл тұрғыда өте сақ болған жөн.
    Иә, шынында да, қазір үлкеннің де, кішінің де қолынан ұялы телефон түспейді. Соған үңілсек болды, басқа дүниені ұмытып кететініміз рас, тіпті шай іш, тамақ же деп немесе басқа бір мәселе бойынша шұғыл шақырып жатса да, қарай бергіміз келеді. Көшені кесіп өтіп бара жатсақ та, қоғамдық көлікте отырсақ та – сол үңілгеніміз үңілген. Осылай көз жанарымызды тауысып, оның көру қабілетін төмендетіп жатқанымыз ойымызға да келмейді. Ал көз – адамның шырағы. Ғажайыпқа таңданып, сұлулыққа тамсанып, өмірдің қызығын да сол көз арқылы көреміз. Ендеше, ұрпағымызды жас кезінен сол шырақты сөндірмеуге тәрбиелейік.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    ЖОЛ ТӨСЕЛМЕС БҰРЫН АСФАЛЬТБЕТОН МАТЕРИАЛДАРЫ САРАПТАМАДАН ӨТЕДІ

    ЖОЛ ТӨСЕЛМЕС БҰРЫН АСФАЛЬТБЕТОН МАТЕРИАЛДАРЫ САРАПТАМАДАН ӨТЕДІ

    3 months ago
    ҚазҰУ түлектерімен байланыс нығаяды

    ҚазҰУ түлектерімен байланыс нығаяды

    6 months ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «БОРАЛДАЙ НАН» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «БОРАЛДАЙ НАН» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    8 months ago
    “Адалдық жолынан аттама”

    “Адалдық жолынан аттама”

    1 year ago
    Саңлақ суреткер

    Саңлақ суреткер

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.