-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шахмат шеберлері жиналды

    11.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Шахмат шеберлері жиналды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

             Қакелең қаласындағы Сулейман Демирел универ­ситетінде «QONAEV CUP –2024» атты халықаралық шахмат турнирі үшінші рет өз жалауын желбіретті. Адамның ой-өрісі мен шеберлігін шыңдайтын додаға АҚШ, Индонезия, Беларусь, Украина, Армения, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия және өз елімізден іріктеліп шыққан алты мен алпыс жас арасындағы 200-ге жуық шахматшы қатысты.

    Салтанатты шарада сөз сөйлеген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «QONAEV CUP –2024» турниріне келген қонақтарға алғыс білдірді.
    – Бұл жарыс Алматы облысының, жалпы Қазақстанның шахматшыларына халықаралық дәрежедегі гроссмейс­терлермен сынға түсіп, мол тәжірибе жинақтауға, елімізде осы спорт түрінің дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін. Шахмат ойыны ұлты мен жасына қарамастан адамдардың бір-бірімен араласуына, достық қарым-қатынас құруына септігін тигізеді. Бүгінгі турнирге қатысушыларға сәттілік тілеймін. Жеңіс тұғырына шынайы лайықтылар көтерілсін! – деді Марат Елеусізұлы.
    Осыдан кейін Қазақстан Шахмат федерациясының вице-президенті Бекет Жароков, SDU University-дің ректоры Әлімжан Игенбаев және Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Алуа Нұрман мінберге көтеріліп, қатысушыларға игі тілектерін жеткізді.
    Дәстүр бойынша, «QONAEV CUP –2024» халықаралық шахмат турнирін бастау үшін ортаға Америка Құрама Штаттарының өкілі, аты «Гиннес» рекордтар кітабына енген халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Тимур Гореев пен даңқты қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман шақырылды. Олар шахмат тақтасы жайылған столға жайғасқаннан кейін, алғашқы жүріс жасау құрметі Марат Елеусізұлы мен Әлімжан Игенбеавқа жүктелді. Осылайша әлемдік деңгейдегі дүбірлі дода басталды.
    Жарысқа келген танымал шахмат­шылардың арасында армениялық Храир Симонян мен Григор Диланян, Беларусь елінің өкілі Михаил Никитенко, әзірбайжандық Жамал Маммадов, ресейлік Александр Рахманов, грузиялық Леван Пантулая, өзбекстандық Жахонгир Вахидов, Тәжікстан өкілі Сухаммад Хуссейнходжаев, украиналық Александр Моисененко сияқты бекзат ойынның бесаспаптары да бар. Дегенмен, Қазақстанның әр шалғайынан келген спортшылардың қарасы әлдеқайда көп екені аңғарылып тұрды.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жастармен жүздесу

    Жастармен жүздесу

    8 months ago
    Көк күмбез кімге көзтүрткі?

    Көк күмбез кімге көзтүрткі?

    1 year ago
    Қонаевта 150 адам үйден дауыс берді

    Қонаевта 150 адам үйден дауыс берді

    7 months ago
    Стратегиялық маңызы зор

    Стратегиялық маңызы зор

    8 months ago
    Сақтықта қорлық жоқ

    Сақтықта қорлық жоқ

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.