Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысында шыныдан жасалған аспалы көпір салынуда

Алматы облысында шыныдан жасалған аспалы көпір салынуда

132 қаралым

Алматы облысындағы «Қара шатқал» аймағында құны 1,5 млрд теңге болатын шыныдан жасалған аспалы көпір салынуда. Жобаны ASK CAPITAL компаниясы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырып жатыр. Құрылысты 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Көпірдің ұзындығы — 210 метр, ені — 2 метр. Құрылысқа қалыңдығы 40 мм болатын көп қабатты шыңдалған шыны қолданылады. Көпірге бір мезетте 700 адамға дейін, ал тәулігіне 4 мыңға жуық келуші сыяды деп жоспарланған. Нысанға арнайы бақылау датчиктері орнатылып, желдің әсерінен шайқалудан қорғайтын жүйе қарастырылады. Қолайсыз ауа райы кезінде көпірге кіруге шектеу қойылады.

Көпірдің маңынан мейрамхана мен дүкендері бар визит-орталық салу көзделген. Нысан Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағынан тыс жерде орналасқан. Әзірге келушілер үшін кіру ақысы белгіленген жоқ.

«Алатау — Ақпарат»

↑