Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі стартаптар G-TON бағдарламасы аясында өңірлердің мәселелеріне шешім ұсына алады

Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі стартаптар G-TON бағдарламасы аясында өңірлердің мәселелеріне шешім ұсына алады

119 қаралым

Қазақстанда технологиялық стартаптар мен өңірлік әкімдіктер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған G-TON бағдарламасы басталды. Қатысушылар өздерінің дайын шешімдерін өңірлердің нақты қажеттіліктеріне бейімдеп, жобаларын пилоттық іске қосуға дайындай алады.

Бағдарлама аясында өңірлердің өзекті қажеттіліктерін қамтитын 11 сала бойынша 47 бағыт айқындалды. Олар Шымкент қаласы, Абай, Алматы, Қостанай және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері тарапынан ұсынылған. Негізгі салалардың қатарында цифрландыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология, көлік және қауіпсіздік бар.

Бағдарлама екі айға созылады және топтық жұмыс, борд-митингтер, онлайн-семинарлар мен мастермайндтарды қамтиды. Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушылар өз шешімдерін өңірлік Demo Day іс-шараларында таныстырып, оларды одан әрі енгізуге дайындайды.

Бағдарламаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі MVP немесе одан жоғары сатыдағы дайын өнімі бар технологиялық стартаптар қатыса алады. Қатысу тегін, қатысушылардың жасы 18-ден асуы тиіс.

«Әкімдіктер үшін бұл қалалық ортаны және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін заманауи шешімдерді табуға мүмкіндік береді. Ал стартаптар мемлекеттік тапсырыс берушілермен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтап, өз шешімдерін ауқымды деңгейде енгізу мүмкіндігіне ие болады. Біз мұндай ынтымақтастық екі тарап үшін де пайдалы болғанын қалаймыз», — деді Astana Hub Өңірлік даму кеңсесінің директоры Нұржан Сағындық.

Қатысу үшін командалар бағдарламаның шарттарымен танысып, өзекті бағытты таңдап, ресми сайт арқылы өтінім беруі қажет: https://astanahub.com/ru/l/GTON

Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 12 қазанды қоса алғанда.

«Алатау – Ақпарат»

↑