-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Атқарылған іс ауқымды

    25.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    Атқарылған іс ауқымды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Облыстық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды және экологиялық мәдениеті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, бірқатар басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Биылғы төртінші тоқсанда атқарылған жұмыстар сараланып, орындалмаған жоспарлар мен кем-кетіктер тілге тиек етілді. Облыстық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Дәулет Жарасбаев төрағалық еткен жиынға комиссия мүшелері, облыстық басқарма басшылары қатысты.
    Алғашқы мәселе облыс бойынша әлеуметтік нысандарға бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі туралы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айгөзова баяндама жасады. Ол биылғы жылдың 20 жел­тоқсанына дейін облыс бюджетіне 796,4 млрд теңге табыс түсіп, жос­пардың 92,3 пайызы орындалғанын, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 96,6 пайызға жеткізуге мүмкіндік барын айтты.
    Келесі кезекте мемлекеттік сәулет-­құрылыс бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғабиден Азаматұлының облыс аумағында салынып жатқан инфра­құрылымдық нысандардың құрылысын бақылау және қадағалау жұмысы жайлы баяндамасы тыңдалды.
    – Жыл басынан құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау туралы 1018 хабарлама қабылданды. Бүгінде облыс аумағында 469 бюджеттік, 561 коммерциялық нысан салынуда. Осы мерзімге дейін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 802-бабына сәйкес 712 әкімшілік материал қаралды, оның ішінде 203 материал облыстық әкімшілік соттың шешім қабылдауына жолданды. Ал басқармамен 509 әкімшілік материал қаралып, 153 361 988 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қоса облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 7 нысанды бұзу туралы талап-арыз жолданды. Сотта өз бетінше салынған 5 нысанды бұзу туралы шешім қабылданды, 2 іс әлі де қаралуда. Сәулет-құрылыс бақылауын және құрылыс сапасын қадағалауды күшейту бойынша да жұмыстар жүргізілуде, – деді басқарма өкілі.
    Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту турасында облыстық энерге­тика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков баяндама жасады. Ол «Таза Қазақстан» акция­сының облыс тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершіліктерін күшейтуге және білім беру бағдарламаларын оқу орындарына енгізу арқылы жас ұрпақтың экологиялық мәселелерге назар аударуына мүмкіндік бергенін тілге тиек етті.
    – Бағдарлама барысында 29 мың тонна қоқыс жиналып, 8 мың гектардан астам аумақ тазартылды. Акцияға 757 мыңнан астам тұрғын, 8 мың кәсіпорын мен ұйым, 400 саяжай тұрғындары қатысты, 87 200 ағаш отырғызылды. Сонымен қатар жалғыз тұратын ардагерлердің 975 ауласы, 2 мыңнан астам әлеуметтік нысан, 413 су нысаны абаттандырылды. 850-ден астам ескерткіштер, мұражайлар мен мемориалдар тазартылды. Мамандан­дырылған техниканың 2335 бірлігі жұмылдырылды, – деді ол.
    Комиссия отырысында коммунал­дық шаруашылықты дамыту, ден­саулық сақтау нысандарын салу және реконструкциялау мәселелері де сөз етілді.
    Жиынды қорытындылаған Дәулет Жамалбекұлы қызмет барысындағы кемшіліктер түзетіліп, алға қойған жоспарлар жіті бақылауда болуы қажеттігін қадап айтты. Депутаттар тарапынан аяқталмаған құрылыс нысандарына тексеру шаралары жүргізілу қажеттігін алға тартты.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Алматы облысында ЖӨӨ 7,4 пайызға өсті

    11 months ago
    Санэпидқызметке 1034 өтініш: Алматы облысының тұрғындары неге шағымдануда?

    Санэпидқызметке 1034 өтініш: Алматы облысының тұрғындары неге шағымдануда?

    8 months ago
    Мопед мінген осы деп…

    Мопед мінген осы деп…

    1 year ago
    Қамданған қапы қалмайды

    Елімізде су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

    4 months ago
    “Жасыл қала” Қонаевтан басталады

    “Жасыл қала” Қонаевтан басталады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>