-13 °c
Qonaev
Thursday, June 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бір шаңырақ астында

    25.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Бір шаңырақ астында
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

         Қазақстан халқы Ассам­блея­сының 30 жыл­дығына орай Жамбыл ауданында әртүрлі мерейтойлық іс-шара ұйымдастырылу­да. Соның бірі – Ұзынағаш ауылындағы №2 орта мектепте өткен «Татулық пен тұрақ­тылық жолындағы Қазақстан халқы Ассам­блеясының рөлі» атты конференция. Шараға өңірлік мәслихат депутаттары, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің, этномәдени бір­лестіктердің мүшелері, жастар ұйымы, колледж студенттері қатысты.

    Конференцияның мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблея­сының қоғамдағы рөлін насихаттау, жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту, этносаралық келісім мен тұрақтылықтың маңыздылығын көрсету. Соған сай алдымен Ассамблеяның 30 жылда атқарған жұмысы туралы бейнебаян көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы Ассамблеяның маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта аймақта атқарылған жұмысты тілге тиек етті. Ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің, достықтың арқасында бүгінгідей игіліктерге қол жеткізілгенін баса айтты. Жиында негізгі баяндаманы облыстық ҚХА-ның депутаттық топ мүшесі Меруерт Молдашева жасады. Ол өз сөзінде татулық халқымыздың басты байлығы екенін, тұрақтылық дамуға жол ашатынын айрықша атап өтіп, бақытты өмір сүру үшін достық пен бірлікті сақтап, еліміздің өркендеуіне аянбай үлес қосу керектігін алға тартты.
    Жамбыл аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрлан Ахметжанов «Этносаралық келісімді нығайтудағы ҚХА рөлі» тақырыбында тағылымды сөз қозғап, Қазақстанның этносаралық келісім моделіне әлем елдері үлгі ретінде қызығушылық танытып отырғанын, ұйым алдағы уақытта да еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға атсалысатынына сенім білдірді. Ал ҚХА мүшесі, татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ильдар Юлдабаев «Жас ұрпақты тәрбиелеудегі ҚХА-ның рөлі» тақырыбында қоғамдағы құндылықтарды  тарқатты. Сондай-ақ «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Мухиддин Мақсутов «Жастар және қоғамдық келісім» тақырыбында өз замандастарының атқарған ісін баяндады. Конференцияның қорытынды бөлімінде аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Тәңірберген Қасымберкебаев, «Ахысқа» түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Муслим Мехралиев ой-пікірлерімен бөлісті. Соңынан аудандық «Сүйінбай сазы» ансамблінің концерті тамашаланды.
    Ассамблеяның 30 жылдығына арналған жиын Қарғалы ауылындағы №4 орта мектебінде де өтті. «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік шараны осы елдімекендегі аналар кеңесінің төрағасы Зияш Мамедова ұйымдастырды. Аталған кеште көрме ұсынылып, Қарғалы ауылындағы мектептердің ұлттық киімдегі өнерлі оқушылары ән салып, би биледі. Мерекелік кеш өзге этностардың достығы мен ынтымағын дәріптеп, бейбітшілік пен татулықты нығайтудың жарқын көрінісіндей әсер қалдырды.

    Серік Сатыбалдиев

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Саяжай статусы өзгереді

    Саяжай статусы өзгереді

    5 months ago
    Қарасазда ән менен жыр шалқыды

    Қарасазда ән менен жыр шалқыды

    1 year ago
    Қонаевта “Шебер-Fest” қолөнер фестивалі өтеді

    Қонаевта “Шебер-Fest” қолөнер фестивалі өтеді

    2 years ago
    Алматы облысында халықаралық құтқарушылар жарысы басталды

    Алматы облысында халықаралық құтқарушылар жарысы басталды

    2 years ago
    Аймақ айнасы

    Аймақ айнасы

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.