-13 °c
Qonaev
Tuesday, August 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

    18.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

         Облыстық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Отырыс басталар алдында облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ерзат Садықов босаған депутаттық орынға бірмандаттық округ бойынша сайланған Нұрлан Түймелиев пен Нұрбақыт Боқыбаевқа мандат пен төсбелгі табыс етті.

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз халық қалаулыларын 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасымен таныстырды. Аслан Саматұлының айтуынша, бюджетті қалыптастыру кезінде салық заңнамасындағы мөлшерлемелердің өзгеруі, қаржы түсімі, жаңа нысандарды іске қосу есебінен салық базасының өсуі, біржолғы сипаттағы түсімдер, субвенциялар көлемінде берілген тұрақты сипаттағы ағымдағы нысаналы трансферттер, Бюджет кодексінің 50-бабының негізінде реттелетін кірістерді бөлу нормативтері, кірістер және ағымдағы шығындар көлемінің республиканың электронды құжат алмасу болжамының негізінде тұтыну бағасының индексіне артуы ескерілген. Меншікті кірістер көлемін келесі жылға – 580,2 млрд, 2026 жылға – 620,0 млрд, 2027 жылға 652,8 млрд теңге мөлшерінде бекіту жоспарланған. Сондай-ақ субвенцияларды аталған жылдарға 200,6 млрд, 171,6 млрд, 148,6 млрд теңге көлемінде бекіту көзделген. Облыс бюджеті үшжылдық аралыққа 2 653,6 млрд теңге көлемінде жоспарланды, оның ішінде 2025 жылға – 921,9 млрд теңге.
    Келесі кезекте еңбек инспекциясы басқармасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына берілуіне байланысты облыс құрылымынан шығарылуына, Қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымына өзгеріс енгізілуіне орай жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының «жұмылдыру дайындығы жөніндегі басқарма» деп өзгертілуіне, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының функциялары мен міндеттерінің кеңеюіне байланысты «экономикалық, аумақтық даму және бюджеттік жоспарлау басқармасы» болып қайта аталуына орай облыстың мемлекеттік органдарының басқару схемасы бекітілуін депутаттар бірауыздан қолдап дауыс берді. Сонымен қатар облыстық мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
    Облыстық мәслихаттың денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы құрамына Нұрлан Түймелиев, денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына Нұрбақыт Боқыбаев сайланды.
    Күн тәртібіне енгізілген мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданған соң, сессияны қорытындылаған Марат Елеусізұлы бюджетті қалып­тастыру барысында бірқатар кешенді жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    АЭС мәселесіне мамандар пікіріне жүгінген жөн

    АЭС мәселесіне мамандар пікіріне жүгінген жөн

    11 months ago
    Педагогтер жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті

    Педагогтер жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті

    6 months ago
    АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ресми сайты іске қосылды

    АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ресми сайты іске қосылды

    11 months ago
    Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

    Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

    1 year ago
    Газдандыру қарқын алады

    152 шақырымнан астам жол жөнделді

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>