-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ой-өрісті дамытатын спорт

    02.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Ой-өрісті дамытатын спорт
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданында жылдам шахматтан Алматы облысы Кубогының ақтық кезеңі өтті. Қатысушылар Алматы облысының барлық аудандары мен Қонаев және Алатау қалаларынан келді. 8 жас санатындағы 6 жастан 70 жасқа дейінгі шахматшылар бәсекеге түсті. Өткен жылғы Кубок жеңімпаздары да жарыстан тыс қалмады. Шахмат ойыны швейцариялық рапид жүйесінде 9 турдан тұрды. Ойын уақыты алғашқы жүрістен бастап 10 минут 5 секундқа жалғасады. Жеңімпаздар барлық турларда жинаған ұпайларының көрсеткішіне қарай анықталды. Жарыс Алматы облысының барлық елді-мекендерінде әртүрлі жастағы шахмат әуесқойлары арасында қарқынды арттыру, ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыру, біліктілік нормаларын орындау, Алматы облысының құрамасына кіл мықтыны анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
    «Шахмат ойыны баланың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Өйткені, бұл – логикалық ойын. Ойында жаңа комбинацияға негізделген қадамдар ойлап табылады. Яғни, интеллектуалдық қабілеттілікті арттыруда таптырмас спорт түрі. Байқасақ, ата-аналар да баласын ерте жастан дамытуға көңіл бөледі. Біздің баста мақсатымыз: шахматты барлық елді-мекендерде танымал ету. Сондықтан, кезекті ойынды шалғай жақтағы ауылдарда өткізуге тырыстық. Алматы облысында бұл интеллектуалды ойын жақсы деңгейде дамып келеді», – дейді Алматы облыстық Шахмат федерациясының президенті Сарсенғали Жанқуатов.
    Бұл жарыс балалар үшін тек басқа шахматшылармен танысып, жаңа орта құру емес, сонымен қатар келесі жылы еліміздің түрлі қалаларында өтетін жылдам шахматтан Қазақстан кубогына қатысу үшін іріктеуден өту мүмкіндігі.
    Жалпы Алматы облысы кубогының ақтық кезеңі тартысты өтті. Командалық есепте бірінші орында – Талғар ауданы, екінші орында – Қарасай ауданы, үшінші орында – Еңбекшіқазақ ауданы көш бастады. Өз жас категорияларында Абдухамид Әсия, Дәулет Дарменияр, Абдухамид Әмір, Бұланбаева Нұрия, Тойбол Сұлтан, Алтынбек Алтынай, Мелс Дінмұхамед, Шакенова Кәмила, Тойбол Диас, Қадыр Мадина, Ермеков Заманбек, Кодир Н. жарыс жеңімпазы атанды.

    Ұсынымдар

    Қазақ тарихын білгіңіз келсе

    Қазақ тарихын білгіңіз келсе

    4 months ago
    Шаршы тақтадағы тартыс

    Шаршы тақтадағы тартыс

    2 months ago
    ТІГІНШІЛІК – ТИІМДІ КӘСІП

    ТІГІНШІЛІК – ТИІМДІ КӘСІП

    2 months ago
    Шекарадан кете алмайтын офицер

    Шекарадан кете алмайтын офицер

    4 months ago
    Бірлік – басты құндылық

    Бірлік – басты құндылық

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>