-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаевқа қоғамдық көлік жүрсе…

    05.12.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Қонаевқа қоғамдық көлік жүрсе…
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Облысымыз жеке әкім­шілік аймақ болғалы бері өңірдің елдімекендерін Алматы қаласымен жалғай­тын, халыққа тиімді муни­ципалдық автобустар жүре бастады. Бұл – қалаға қатынап жұмыс істейтін тұрғындар, оқу оқитын жастар үшін өте тиімді. Өйткені бұрынғыдай таксиге ақша шығарып шығындалмай, «Onay» картасымен 120 теңге төлеп жүре беруге болады. Бұл жөнінде газеті­міз­де қарашаның 2-сі күнгі №121(282) санында сүйін­шілетіп жазған едік.

    «Осы айдың 1-інен бастап облыстың бірқатар елдімекенін Алматы қаласымен байланыстыратын муниципалдық бағыныстағы автобус бағыттары ашылды. Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабар­лауынша, қараша айының 1-інен бастап қала төңірегіндегі бірнеше елдімекенге автобустар қатынай бастайды. Олар Қаскелең қаласы мен Ұзынағаш ауылына дейін барады. Сонымен қатар тағы да үш бағыт ашылып отыр. Әкімдік таратып отырған хабарламада: «№245 бағыт Ұзынағаш ауылының автобекеті – Төле би-Яссауи авто­бекетін байланыстырмақ. Бұл бағыт­қа сыйымдылығы үлкен 25 автобус бекітілген. №254 бағыт Қаскелең – «Сәлем» базарын жалға­мақ. Бағытқа сыйымдылығы үлкен 16 көлік бөлінген. №239 бағыт «Б.Момышұлы» метробекеті – Долан ауылына қызмет көрсетпек. Аталған бағыттардың барлығындағы жолақысы қаладағыдай 120 теңге деп бекітілген. Өйткені барлық автобус «Onay» электронды билеттендіру жүйесімен жабдықталған», – деп жазылған.
    Міне, осындай жолақысын «Onay» картасымен төлейтін автобус Қонаев қаласына да шығарылса, халық бір қуанып қалар еді. Өйткені бүгінде Алматы облысының орталығы болып табылатын Қонаев қаласы мен Алматы арасында жұмыс бабымен күн сайын қатынайтындар көп. Облыс орталығына әр ауданнан түрлі мәселемен келіп-кететін жолаушылар да жетерлік. Олардың көбі Алматы қаласы арқылы қатынайды. Ал Алматыдан Қонаев қаласына «Саяхат» және «Сайран» автобекеттерінен жүретін маршруттық көліктердің бағасы кемінде – 800 теңге. Ал таксилердің құны тіпті аспандап тұр. Осы мәселені ескере отырып, Алматы мен Қонаев қалаларының әкімдіктері екі ортада халыққа тиімді бағадағы қоғамдық көліктер қатынауына ұйытқы болса деген өтінішіміз бар. Бұл мәселе төңірегіндегі сауалымызды «Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жолдаған едік. Аталған басқарма хатымызға былайша жауап берді:
    «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, сіздің ағымдағы жылғы 20 қарашадағы №8 сұрау хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды:
    Қазіргі таңда облыс аумағында Қазақстан Республикасы Инвести­циялар және даму министрінің мінде­тін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына сәйкес, ауданішілік, ауданаралық, қала маңы, қалалық, облысаралық маршруттар шарттық міндеттемелері бойынша тасымалдауды жүзеге асырады.
    Қазақстан Республикасы «Автомо­биль көлігі туралы» Заңының 14-бабы­ның 2-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдары және респуб­ликалық маңызы бар қалалар мен Астанада қалалық, қала маңындағы, облысаралық маршруттарға конкурс өткізеді, кестесін, бағытын анықтап бекітеді. Әлеуметтік маңызы бар бағыттарға бюджеттік өтінімге бай­ланысты тасымалдаушының шығын­дарын толтыруға қаражат қарас­тырылған. Электрондық төлем арқылы жолаушылардың күнделікті санын, жеңілдік түрін, бағытта жүр­ген автобустардың шығу кестесін қадағалап, оны анықтайды.
    Сіз атап өткен «Оnay» электрондық төлем жүйесі Алматы қаласы мен қала маңындағы 50 шақырымға дейінгі бағыттарда жүзеге асырылады. Алматы облысында тек «Алматы облысының автобус паркі» ЖШС аталған картамен жолаушыларға қызмет көрсетеді. Қалған облыстың 5 ауданында басқа элекрондық жүйе – «Alem Pay», «Innofоrce Solutiоns» орнатылған.
    «Қонаев – Алматы» облысаралық бағыт болғандықтан электрондық төлем жүйесі қолданыста жоқ және жолақысы қолма-қол төлем арқылы жүргізіледі.
    Қоғамдық көліктің көбеюіне бай­ланысты сұрағыңызға қосарымыз – ағымдағы жылдың басында басқарма тарапынан Алматы қаласы әкімдігіне қосымша 20 қала маңындағы бағыт­тарды ашуға ұсыныс хат жолданған. Бірнеше кездесу өткізіліп, нәтиже­сінде Алматы қалалық мобиль­ділік басқармасы бүгінгі таңда 15 бағытты жүзеге асырды. Жылдың соңына дейін қалған 5 бағытты ашу жоспарлануда».
    Басқарма басшысының орын­басары міндетін атқарушы Медет Қанафияновтың бұл хатына қарасақ, облыс орталығы мен Алматы қала­сы­ның аралығына «Onay» элек­тронды билеттендіру жүйесімен жарақтандырылған автобустардың жүруі әзірге мүмкін емес. Өйткені мұндай жауапкершілікті мойнына алуға ешбір тасымалдаушы тәуекел ете қоймайды. Себебі бұл мәселеде, ең алдымен, көрсетілер қызметтің қайтарымы қанағаттанғысыз болады, яғни жұмсалған шығын өзін ақтамайды. Облыстық әкімдіктен субсидия бөлудің де өзіндік ереже-тәртібі бар көрінеді. Оның үстіне Қазақстан Респуб­лика­сының «Автомобиль көлігімен жолау­шы және жүк тасы­малдау ережесін бекіту жөніндегі» Әділет министрлігінде 2015 жылдың 3 шілдесінде №11550 болып тіркелген Инвестициялар және даму жөніндегі министрдің міндетін атқарушы Ж.Қасымбектің 2015 жылдың 26 наурызындағы №349 бұйрығы­ның «Автомобиль тасымалдарының түрлері» атты 8-бабының 4-тармағы 2-тармақ­шасында «Қала маңындағы елдімекеннің белгіленген шекарасынан өлшегенде елу шақырымға дейінгі қашықтықтағы қала маңы аймағымен қосылатын елдімекен маршруттары бойынша» деп көрсетілген. Аталған 8-бап 19.04.19 жылғы №249-VІ Заңына сәйкес осы 4-тармақпен толық­тырылған.
    Басқарма басшысының орын­басары міндетін атқарушы Медет Қанафияновтың осыған қосымша түсіндіргені Қонаев пен Алматы қалаларын жалғастыратын жол қалааралық маңызға ие трасса болған­дықтан, сөз болып отырған «Onay» электронды билеттендіру жүйесімен жабдықталған автобус жүргізудің әзірге реті жоқ. Демек, қазіргі таңда қолданыста жүріп жатқан «Қонаев – Саяхат» және «Қонаев – Сайран» маршруттық көліктерін халыққа тиімді көлік қатынасы деп тани тұруымызға тура келеді. Бұл тұрғыда жоғарыда аталған Инвестициялар және даму жөніндегі министрліктің өзіміз үзіндісін келтірген ережесіне тиісті өзгерту жасалып, толықтыру енгізілмейінше, Қонаев пен Алматы арасындағы қоғамдық көлік қатынасы осы күйінде қала бермек.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Михал Лабенда, дипломат: Қазақ пен поляк халықтарының тарихы ұқсас

    Михал Лабенда, дипломат: Қазақ пен поляк халықтарының тарихы ұқсас

    4 months ago
    Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

    2 years ago
    Абайдан абайлап өтіңіз

    Абайдан абайлап өтіңіз

    3 weeks ago
    Шахтадағы өрттен қаза тапқандар үш адамға жетті

    Шахтадағы өрттен қаза тапқандар үш адамға жетті

    2 years ago
    Облыс бюджетінің жобасы қаралды

    Облыс бюджетінің жобасы қаралды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>