Биыл Қонаев қалалық Мансап орталығына 2822 адам жүгінді. 26 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылды. Оның бесеуі – жастар, алтауы – ауыл тұрғындары. Олар тігінші, кондитер, аспаз мамандықтарын меңгерді.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына 97 адам қатысып, 67 адам оқуды аяқтап, сертификаттарын алды.
2024 жылғы жаңа бизнес-идеяларын іске асыру мақсатында 15 адамға 400 АЕК (1 476 800 теңге) көлемінде 22 152000 теңге мемлекеттік грант берілді. Оның ішінде 8 грант аз қамтылған және көпбалалы отбасына, 1 мүгедектігі бар азамат, 1 ауыл тұрғынына, 6 мүгедектігі бар балаларды асыраушы ата-аналар және асыраушысынан айырылған тұлғалар қамтылды.
Жұмыспен қамту шаралары:
Субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына 37 адам орналастырылды.
Жастар практикасына 47 маман жіберілді.
«Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша 20 адам қамтылды.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 2 адам қамтылды.
Қоғамдық жұмыстарға 356 адам жіберілді.
Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар қатарынан «Күміс жас» жобасы бойынша 70 адам қамтылды.
Тұрақты жұмыс орындарына жалпы 973 адам орналастырылды, оның ішінде 252-сі жастар.
Сондай-ақ қалада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Халық арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатындағы шаралар ары қарай да жалғасын табады.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі