-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Татулық пен келісім

    02.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Саясат
    Татулық пен келісім
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

         Этностардың бірлігі мен татулығы, табысты медиация кейстерін қалыптастыру және на­сихаттау мақсатындағы «Елдесу және татуласу» жобасы аясында об­лыс­тық Қазақстан халқы Ассамблеясы этно­ме­диа­ция кеңесінің отырысы өтті.

    Жиынды ашқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов басқосудың мақсат-міндетіне тоқталып, тәжірибе алмасу мақсатында Маңғыстау облысынан келген қонақтарды таныстырды. Облыс бойынша реестрда тіркелген 2 кәсіби, 17 қоғамдық медиатор жұмыс істейді. Медиаторлардың жұмысы­ның нәтижесінде аудан тұрғындары тарапынан келіп түскен арыздардың 12-сі сотқа дейін шешіліп, екі тарап бір-бірімен келісімге келгенін айтқан басқарма басшысы этномедиация бағытын дамытуда атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баяндап, алдағы жоспар­ларымен бөлісті. Одан кейін сөз алған облыстық мәслихат төрағасы, ҚХА мүшесі Қуат Байғожаев биылғы 16 қазанда өткізілген Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі отырысында айтылған тапсырмаларға сәйкес өзі­нің облыстық Ассамблея құрамына енгізілгенін атап өтті. Сондай-ақ Алматы облысының этномедиацияны дамытудағы осы уақытқа дейін жинақ­таған тәжірибесін өзге өңірлермен бөліскеніне қуанышты екенін жа­сырмады.
    – Қазіргі таңда Алматы облысы­ның мәслихаттарында 228 депутат жұмыс атқарады. Оның ішінде орыс, ұйғыр, әзербайжан, кәріс, украин этностары бар. ҚР Парламенті Сенатының 2024 жылғы маусымдағы хатына сәйкес 2024-2025 жылдарға арналған облыстағы этномәдени бірлестіктер, қоғамдық құрылым өкілдерімен кездесу кестесі әзірленді. Облыстық мәслихат жаны­нан Қазақстан халқы Ассамблеясы­ның депутаттық тобы құрылды. Оның құрамына 7 облыстық мәслихат депутаты енді, – деген мәслихат төрағасы Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этно­медиация кеңесімен атқаратын жұмысты жоғары бағалайтынын және алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
    Келесі кезекте Маңғыстау об­лы­сының мәслихат төрағасы, Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномедиация кеңесінің төрағасы Жаңбырбай Матаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясындағы баяндамасында этномедиация бағытындағы жұмыс­тарды жүйелі атқарған Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының тәжірибесін өңірлерде кеңінен тарату туралы тапсырмасына сәйкес келіп отырған­дарын тілге тиек етті. Ақтау қаласының салынуы мен Маңғыстау облысының ашылуына Д. Қонаевтың себепкер болғанын айтқан мейман екі облыс­ты заңғар тұлғаның байланыс­тырып тұрғанына көпшіліктің назарын аударды.
    Әрі қарай жалғасқан жиында сөз кезегі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі­нің төрағасы Гүлнар Жошыбаеваға берілді.
    – «Елдесу және татуласу» жобасы – қоғамдағы татулық пен келісімді сақ­тап, нығайтуға арналған үлкен қадам. Аналар кеңесі әрқашан қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің сақталуына бар күшін салады. Этномедиацияның арқасында біз жанжалдардың алдын алып, түрлі этнос өкілдері арасындағы қатынастарды нығайтып, бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтауға үлес қосамыз. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңестерінің жалпы мүшелерінің саны 1081 адамды құрайды. Биыл барлық деңгейдегі аналар кеңесі 10520 адамды қамтыған 250 шара ұйымдастырды. Аналар кеңесі этномедиация үдерісінде белсенді түрде қатысу арқылы жастарды бір-бірін сыйлауға, әртүрлі мәдениеттерді құрметтеуге үйретеді, келісім мен тату­лықты сақтауға атсалысады, – деген Гүлнар Сағатқызы облыс көле­мінде этномедиация бағытында жүзеге асырылған жұмыстар жайын сөзіне арқау етті. Сонымен қатар Маңғыстау облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Аманкүл Әбдіғалиқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Достлуг» әзербайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі, этномедиатор Таги Зираддин оглы екі облыстың айырмашылығын сөз етіп, этномедиацияны дамытудағы тәжірибелерімен таныстырып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
    Алқалы жиынға қатысып отырған Ұйғыр аудандық аналар кеңесінің төрағасы, кәсіби медиатор Гулжахан Аликеева сөз алып, 2011 жылдан бері заң талаптарына сәйкес медиация қызметі жүзеге асырылып келе жат­қанын айтып, облыс көлемінде «Елдесу мен татуласу» жобасы аясында Ассамблея құрылымда­рын тарта отырып, қоғамдық медиаторлардың қызметі жайлы сөз қозғады. Сонымен бірге Алатау қалалық мәслихатының төрағасы Роза Абилова мен Іле ауданы Өтеген батыр ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық медиатор Мақсат Сейдалиұлы этномедиация жайындағы ойларымен бөлісті.
    Кеңес отырысын қорытынды­ла­ған Ерік Абитов Алматы облысы­ның этномедиация саласындағы үздік тәжірибелерімен бөлісуге әрқашан дайын екенін, басқосу барысында айтылған ұсыныстар мен кеңестердің этносаралық қатынастар бағытындағы жұмыстарға пайдасы тиетінін айтты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    ТАЛҒАР ҚАЛАЛЫҚ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    ТАЛҒАР ҚАЛАЛЫҚ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    8 months ago
    Мерген қыздың мерейі

    Мерген қыздың мерейі

    2 years ago
    Тігіншілік – үлкен өнер

    Тігіншілік – үлкен өнер

    6 months ago
    Референдум – халыққа артылған сенім

    Референдум – халыққа артылған сенім

    8 months ago
    Сенатор егістік суын тиімді пайдалану жолдарын ұсынды

    Сенатор егістік суын тиімді пайдалану жолдарын ұсынды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.