-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Заң бұзған жазаланады

    20.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Президент Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды

    Фото: aikyn.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Жыл басынан бері әділет депар­таментіне азаматтардан 6502 өтініш келіп түскен. Сонымен қатар 128 аза­мат жеке қабылданып, барлығына қанағаттанарлық жауап берілген. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат­тық алаңында облыстық әділет департа­менті бастығының орынбасары Нұржан Сатубеков аталған құзырлы органның атқарған жұмыстары туралы баяндады.

    Брифингте департамент бастығының орынбасары әкімшілік, қаржы және материалдық-техника­лық қамтамасыз ету, сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу, құқықтық түсіндіру, заңгер­лік қызмет көрсету сынды бөлімдердің атқарған жұмысына тоқталды.
    – Әділет департаментінің нормативтік-құқықтық актілер бөлімімен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 457-бабы 1-тармағы бойынша 7 әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қоса 2024 жыл­дың желтоқсан айына дейін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімімен тауар таңбаларын пайдалану бойынша заңнама талаптарының сақ­талуына 28 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 2911 дана өнім тәркіленіп, 1 835 048 теңгеге жуық айыппұл салынды, – деді Нұржан Сатубеков.
    Спикер басқарма құзіретіндегі нотариаттық, адвокаттық және құқықтық түсіндіру жұмыстарының жайын да сөз етті. Қазір облыс аумағында 250 жеке нотариус бар. Жыл басынан бері департаментке лицензия алу бойынша нотариатқа 75, ал адво­катураға 211 өтініш берілген. Оның айтуынша, облыстық адвокаттар алқасының мүшелігінде 449 адвокат, 28 адвокаттық кеңсе бар. Ал жыл басынан бері міндетіне атүсті қараған 2 адвокатқа қатаң сөгіс берілген. Сондай-ақ департамент адвокаттармен заң көмегін көрсету туралы 95 келісім жасаған.
    – Облыс бойынша 158 жеке сот орындаушысы өз қызметін атқарады және 4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі бар. Жыл басынан бері сот орындаушылар қызметін реттеу және бақылау бөліміне жеке және заңды тұлғалардан 6266 арыз-шағым келіп түскен. Жоспардан тыс тексеріс жүргізу кезінде 51 жеке сот орындаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі базасы бойынша 64 қылмыстық іс тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы негізінде, яғни балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару бойынша 64 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 44 іс сотқа жолданды, 44 борышкер бас бостандығын шектеу түрінде жазаға тартылды, – деді Нұржан Сатубеков. Атқарылған жұмыстар департаменттің белсенді және мақсатты жұмысының нәтижесін көрсетеді.

    Ерзат АСЫЛ,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Президент  бастамалары  қоғамға қозғау  салуда

    Президент бастамалары қоғамға қозғау салуда

    1 year ago
    Қонаевта науқастың қолына бірегей ота жасалды

    Қонаевта науқастың қолына бірегей ота жасалды

    2 years ago
    Дамудың негізгі драйвері

    Дамудың негізгі драйвері

    3 weeks ago
    Ұлттық жобаның шеңберінде ауылда 263 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді

    Ұлттық жобаның шеңберінде ауылда 263 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді

    5 months ago
    Ойдан шығарылған балалар. Электрондық аудиттің ерекшеліктері

    Ойдан шығарылған балалар. Электрондық аудиттің ерекшеліктері

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>