-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жол қауіпсіздігі талапқа сай ма?

    26.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Партия
    Жол қауіпсіздігі  талапқа сай ма?
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

        «AMANAT» партиясының облыстық филиалында атқарушы хатшы Ерлан Жақыповтың қатысуымен өткен партиялық бақылау комиссиясының мәжілісінде автомобиль жолдарының қысқы кезеңдегі жай-күйі мен күтіп-тазалау мәселесі талқыланды. Жиынды облыстық мәслихат депутаты Амангелді Сембаев жүргізіп отырды.

    Облыстағы ортақ қолданыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5715 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1783 шақырымы – республикалық, 3370 шақырымы – облыстық мәндегі, 66 шақырымы – ақылы жол. Қысқы кезеңге дайындықты облыстық мәндегі жолдарда 7, ал аудандық және қалалық жол тораптары үшін 13 мердігер ұйым жүзеге асырады. Қазіргі таңда облыстық бағыныстағы жолдар үшін 117 техника мен 10,6 мың тонна көктайғаққа қарсы материалдар дайындалса, аудандық жолдар үшін 256 техника мен 7 мың тонна көктайғаққа қарсы материал әзірленген.
    Республикалық күрежолдарға ерекше назар аударылған. Мысалы, өткен аптада Қонаев қаласына жақын жердегі жолда қызметтік міндетін атқарып тұрған патрульдік полиция қызметкері қаза тапты. Депутаттар жолдағы қауіпсіздік қарды уақытылы күреу мен жол жабындысын дер кезінде өңдеуге байланысты екенін атап көрсетті. Халық жолдың қардан уақытылы тазартылмауы және өңделмеуінің салдарынан Қаскелең қаласында және Боралдай ауылы көшелерін­де кептелістің тұрақты көрініске айналғанын айтып шағымдануда. Бұл мәселелерді әлеуметтік желіде жарияланған бейнематериалдар растайды.
    Салыстырмалы түрде алғанда ҮАААЖ (Үлкен Алматы айналма жолы) бен республикалық трасса­ның қысқы күтіліп-ұсталуы елеулі айырмашылықты көрсетіп отыр. Ақылы жолға заманауи технологияларды қолдану мен техниканың жеткілікті болуының арқасында анағұрлым сапалы қызмет көрсетіледі. Ал респуб­ликалық трассаларда техниканың жеткіліксіздігі тиісті жұмыстарды уақытылы орындауды қиындатады. Мысалы, республикалық жолдарға қызмет көрсетуге 95 дана техника пайдаланылады, ал бұл бүкіл жол торабын қамтуға мүлдем аздық ететіні сөзсіз. ҮАААЖ-да қар борап тұрғанда да жол қозғалысы тұрақты қалпын сақтаса, басқа трассаларда кептеліс орын алып, жол жабындысының жеткіліксіз болуынан көліктер апатқа ұшырап жатады. Дегенмен, атап айтарлық жақсы өзгерістер де бар. Жақын күндері республикалық жолдар техникалық паркі 10 жаңа машина­мен толықтырылмақ, тағы 2 техника Маңғыстау облысынан жалға алынбақ. Бұл жол жабындысын өңдеудің уақытын қысқартып, апаттық жағдайлар қатерін төмендетуге мүмкіндік береді.
    Жиналыста облыс пен Алматы қала­сы арасындағы қозғалыс белсенділігі­­не, әсіресе қарбалас шақ­та қатты сезілетін автокөлік кептелісі мәселесіне назар аударылды. Халық қалаулылары бұл мәселе мегаполисті Үлкен Алматы айналма жолымен қосатын радиалдық жолдар құрылысын жандандырғанда ғана мүмкін екенін баса айтты. Мұндай магистралдар көлік ағынын таратып, қолданыстағы күрежолдың жүктеме­сін азайтып, облыс тұрғындарының жолға кетер уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызады.
    Облыстық бағыныстағы жолдар мәселесі де жіті қадағалауды қажет етеді. Оларды күтіп-ұстау үшін жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінген. Асханасы, демалыс бөлме­­лері және жүргізушілер мен жолау­шылардың қауіпсіздігі мен жайлы орналасуын қамтамасыз етуге арнал­ған генераторлармен жабдықталған 7 жылыту пункті құрылған. Алайда, депу­таттардың айтуынша, қалың қар жауған кездері бұл шаралардың аздық етуі мүмкін.
    Жиналыста жолдарды күтіп-ұстауды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі мақұлданды. Бұл ретте материалдар қорын толықтыру, техникалық паркті жаңарту, инфрақұрылымды дамыту мәселелері сөз болды. Жолдар­дың талапқа сай болуы – қауіпсіздікті күшейтіп, үздіксіз қозғалыс пен аймақ тұрғындарының жайлы сапарын қамтамасыз етері сөзсіз.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Газдандыру қарқын алады

    Биыл 17 мектеп пайдалануға беріледі

    3 months ago
    Сайлаушылар белсенділігі жоғары

    Сайлаушылар белсенділігі жоғары

    2 years ago
    Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

    Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

    1 year ago
    АИТВ инфекциясындағы токсоплазмоз

    АИТВ инфекциясындағы токсоплазмоз

    1 year ago
    Қаракемерден шыққан қос батыр

    Қаракемерден шыққан қос батыр

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>