⛅
23°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ала доп бәсекесі

    24.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Ала доп бәсекесі
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Кеген ауданы Қарабұлақ ауылында шағын футболдан көшеаралық жарыс өтті. Ашылу салтанатына ауылдық округ әкімі Рүстем Әлімов, жарысқа демеушілік танытқан кикбоксингтен Әлем кубогінің иегері, екі дүркін Еуропа мен Азия чемпионы Елмұрат Қайыпжанов және ауыл тұрғындары қатысты.

    Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Серік Тоқтасынұлы қатысушыларға ақ батасын беріп, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Аталған жарыста Қ.Сәтбаев, Абай, Н.Мәшкеев, С.Бейсембетұлы, М.Әуезов, Н.Тұрғанбеков, Ә.Жүнісов, М.Жартыұлы, С.Қанайұлы. Р.Құтелов көшелері мен «Рабат» шекара бөлімшесінің командалары қатысып, өзара бақ сынасты.

    Тартысты өткен ала доп бәсекесінде  І және ІІ орындарды «Рабат» шекара бөлімшесінің командасы иеленді. Ал ІІІ орын Ә.Жүнісов көшесінің командасына бұйырды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Бұдан бөлек, топтан оза шапқан ойыншылар да жүлдеден құр қалмай, түрлі марапаттарға ие болды.

    – Әр көше тұрғындары ыстық ас пен ақ самауырдан шайын ұсынып, жалынды ұран сөздерін көтеріп, мерекелік көңіл сыйлады. «Бірлігі бекем ел озады» деген бабалар сөзі осындай ынтымаққа негізделсе керек. Бастаманы қолдаған көпшілікке, табандылықпен ұйымдастыра білген көше басшыларына, спорт нұсқаушылары мен «Рабат» шекара бөлімшесіне, ауылдық ақсақалдар алқасы мен аналар кеңесіне алғыс айтамыз. Салауатты өмір салтын насихаттау жолында ауқымды жарыстар жалғаса береді, – деген ауыл әкімі Рүстем Жеңісұлы тұрғындарға ризашылығын білдірді.

    Айта кетейік, жарыс былтыр аудан әкімінің қолдауымен күрделі жөндеуден шағын футбол алаңында өтті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ СӨЗ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
    27.04.2026
    Бастаманы ауқымдау және оны практикалық тұрғыдан іске асыру
    25.04.2026
    «Таза Қазақстан» – идеология мен құндылықтың платформасы
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ СЕНБІЛІК ФОРМАТЫ ӨЗГЕРДІ: ЕНДІ ТАЗАЛЫҚҚА ОТБАСЫ БОЛЫП ҚАТЫСУ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>