Алматы облысында 437 орта мектеп оқушыларды білім нәрімен сусындатады. Мектептерде әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сыныптардағы 144 мыңға жуық оқушы толық ыстық тамақпен қамтылды.
Мемлекет қамқорлығынан әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар да шет қалмаған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына сәйкес қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін бюджет қаражаты есебінен білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлінеді. Осы қаржыға 5-11 сыныптардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан 33 708 (10%) оқушы толықтай ыстық тамақпен қамтылып отыр.
2022 жылы Қазақстан Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы қаблдынғаны белгілі. Осы бағдарламаның 82-тармағын орындау мақсатында «Әлеуметтік әмиян» арқылы тамақтануды есепке алу жобасын іске асыру бойынша Аппараттық-бағдарламалық кешенмен (АБК) қамтамасыз ету жүйесі осы жылдың сәуір айына дейін іске қосылатын болады, сонымен қатар, облыстағы 196 мектеп «Бизнес әмиянға» қосылып жұмыс атқарып жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік санаттағы 5-11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Биылғы оқу жылында облыстағы мемлекеттік мектептерде оқитын 177 671 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Бұл мақсатта 16 млрд. 727 млн. теңге қаржы бөлінді.
А.Кулахметова,
Алматы облысы білім басқармасының
орта білімді дамыту бөлімінің бас маманы