-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

    22.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология
    АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

           Қонаев қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды аймақ басшысы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Марат Сұлтанғазиев ашып, экономиканың дамып, әлеуметтік жағдайдың жылдан-жылға артып келе жатқаны тұрақтылық пен этносаралық келісімнің нәтижесі екенін атап өтті.

    – Облыстық Ассамблеяның құры­лымдық бөлімшелері мен этномәдени орталықтары жыл басынан бері қоғамдық тұрақтылық пен этносаралық қатынастарды нығайту бағытында түрлі форматта 200-ден астам шара өткізді. «Қайырымдылық керуені», «Жүректен – жүрекке», «Күшіміз – бірлікте!» акциясы аясында 60 миллион­ға жуық су тасқынынан зардап шеккен өңір­лерге қайырымдылық көмек көрсетілді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен достықты нығайту үшін одан әрі де қызмет ететініне сенімдімін, біздің өңір мәңгілікке ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің үлгісі болып қала береді, – деген Марат Елеусізұлы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне куәлік табыстады
    Алғашқы сөз кезегін алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста берілген этносаралық қатынастарды тұрақтандыру жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысына тоқталды.
    – Қазақстан – халқы сүттей ұйыған мемлекет. Облыстық Ассамблея барлық этностарды бірлікке бастап, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруда нәтижелі жұмыс істеп келеді. Өңірдің этносаралық жағдайы тұрақты. Шиеленіс ошақтарының пайда болуының алғышарты жоқ. Былтыр облыстың этномәдени бірлестіктерімен қатынасты нығайту және Ассамблеяның басқа да құрылымдық бөлімдерімен жұмысты жолға қою мақсатында облыстық «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ қайта құрылып, штат бойынша 56 адам қызмет атқарады. Сондай-ақ Іле, Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында филиалдар ашылды. Бүгінде тұрғындар арасында алдын алу шараларын ұйымдастыру, дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының қызметі жолға қойылған. Ақпараттық-насихат тобының жалпы құрамы 60 адамнан асады. Құрамында дін саласындағы сарапшылар, тарихшылар, философтар, спортшылар, саясаттанушылар, заңгерлер және азаматтық қоғам өкілдері бар. Ақпараттық кеңістікте белсенділігі жоғары журналистер, блогерлер, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар арасынан өңірлік спикерлер пулы құрылған, – деген Ерік Әзілжанұлы осы бағытта атқарылып жатқан толымды тірліктерді әңгіме арқауына айналдырды.
    Келесі кезекте Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың этносаралық келісімді нығайту бағытында атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. Баяндамашының айтуынша, ауданда Қазақстан халқы Ассамблеясының ұстанымдарына сай, өзге этностар арасындағы татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған жұмыс жүргізілуде. Аудан аумағында 24 ауылдық округ, 61 елдімекен орналасқан. Тұрғындардың саны 169 699 адамды құрайды. Ұзынағаш, Қарғалы, Қарасу, Мыңбаев, Үлкен, Таран, Ақсеңгір және Шолаққарғалы ауылдық округтерінде этнос өкілдері тығыз қоныстанған. Орыстың «Родничок», түріктің «Ахыска» және ұйғыр, татар, башқұрт этномәдени бірлестіктері өңір тұрғындарының мәдени және рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. 2022 жылдың қазан айынан облыстық қоғамдық келісім және даму орталығының аудандық бөлімі жұмыс істеуде. Бұл бөлім тарапынан ақсақалдар, аналар кеңестерімен, қоғамдық медиаторлармен, Ассамблея жастарымен, этномәдени бірлестіктермен этносаралық келісім мен бірлікті, қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған, мемлекетік тілді ілгерілету бойынша түрлі форматта шаралар өткізілуде. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен елдімекендерге түрік, татар және башқұрт, ұйғыр этномәдени бірлестіктері 3 млн 900 мың теңге көлемінде азық-түлік, гигиеналық заттар, су етіктері мен көрпелер беріп, гуманитарлық көмек көрсеткен. Ауданда этносаралық қарым-қатынасты, саяси тұрақтылық пен бейбітшіліктің сақталу жолындағы ауқымды жұмыстар жалғасуда.
    Өз кезегінде Іле ауданы әкімінің орын­басары Айдын Әуесбай сөз алып, аудан­дағы этносаралық ахуалды баяндады. Әкім орынбасарының сөзіне сүйенсек, биылғы статистикалық мәліметке сәйкес, ауданда халық саны 273 000-ды құрайды. Орыс, ұйғыр, украин, күрд, әзербайжан этномәдени орталықтары өкілдерінің қатысуымен аудан тұрғындары мен жастар арасында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аудан әкімдігі тұрақты негізде 18 ірі, 93 орта кәсіпорын мен 21750 шағын кәсіпкерлік объектілеріне мониторинг жүргізеді. Аудан аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс істейтін шетелдік 9 кәсіпорында әкімшілік пен қызметкерлер арасындағы ұлтаралық қақтығыстар тіркелмеген. Сонымен қатар, ауданда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан «Ассамблея жастары» құрылымы құрылған. Мүшелерінің саны 8 адамды құрайды. «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары үнемі медиа сүйемелдеумен қатар жүргізіледі. Сонымен қатар, аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық медиаторлар қызмет атқаруда. Этносаралық ахуалды тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті және құқық қорғау органдары, қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері және этномәдени бірлестіктердің мүшелері тұрғындармен үнемі профилактикалық іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 1991-2024 жылдары ауданға шамамен 24 100 қандас қоныс аударған. Қандастардан көшбасшылар пулы құрылып, оның құрамына кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, зейнеткерлер кірді. Алдағы уақытта да этникалық топтар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту жұмыстары жалғаса береді.
    Мінберге шыққан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық Ассамблея жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Адам Бойсаев су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындарына көмек көрсетуге этномәдени орталықтар мен басқа да құрылымдардың қосқан үлесі жайын тілге тиек етті.
    Кеңес отырысын қорытындылаған Марат Сұлтанғазиев облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне этностардың өкілдерін тартуды және интеграциялауды жетілдіруді, қоғамдық келісім және даму орталығы жа­нынан «Жомарт жан» орталығын құрып, құрамын бекіту жөнінде тапсырма жүктеді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Денсаулық сақтау саласында биыл қандай өзгерістер болды?

    Денсаулық сақтау саласында биыл қандай өзгерістер болды?

    2 years ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АО АҚАЭС-КЕ ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АО АҚАЭС-КЕ ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

    9 months ago
    Қарасай ауданында референдум күні өнерлі жастар шаңырақ көтерді

    Қарасай ауданында референдум күні өнерлі жастар шаңырақ көтерді

    9 months ago
    Қай қалада өмір сүрген қолайлы?

    Қай қалада өмір сүрген қолайлы?

    2 years ago
    Барлық алғышарттар жеткілікті

    Барлық алғышарттар жеткілікті

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.