-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

    15.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Мектеп асханаларында пайдалы, сапалы және толыққанды тамақ ұсыну мәселесі қай кезде де өзектілігін жойған жоқ. Үлкендер ғана емес, балалар денсаулығы да сыр беретін бүгінгі таңда  оның маңыздылығы тіпті де артып отыр. Осыған орай  саналы ғұмырын қоғамдық тамақтануды ұйымдастыруға арнап, Алматы қаласында мейрамхана желісінің өндірісін басқарған, осы саланың  білгір маманы, Қарасай ауданындағы «Айкул» ЖШС-не қарасты «Khama Park» мейрамханасының атқарушы директоры әрі облыстық мәслихаттың депутаты Серікхан Әділхановтан балаларды дұрыс тамақтандандыруды жақсартуға қатысты ойын сұрап білген едік.

    – Мектеп асханаларында тамақтандыруды ұйымдастыру – біздің балаларымыздың денсаулығына, дамуына және үлгеріміне әсер ететін негізгі факторлардың бірі деп толық айта аламын, – дейді ол. – Өкінішке орай, бұл салада көптеген кемшілік кездеседі. Маңызды мәселені шешуге өз үлесімізді қосу үшін әріптестерімізбен бірге оқушыларды тамақтандыру комбинатын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл комбинат балаларды сапалы және пайдалы тағамдармен қамтамасыз етудің негізі болады. Осылайша біз балаларға теңдестірілген, дәмді және пайдалы тағамдарды ұсынуға кепілдік беретін жүйе құруға ұмтылудамыз, ол қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін болады.

    Оның айтуынша, қолға алынған комбинат мектептердегі тамақтандыру жүйесінің маңызды буыны болмақ. Қазіргі уақытта инфрақұрылымды дамыту, жабдықтарды сатып алу және сапалы өнім жеткізушілермен ынтымақтастық орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

    – Ең алдымен, тағамдар ассортиментін әзірлеу және жақсы ойластыру маңызды, – деп түсіндірді Серікхан Сәметұлы. – Жаңа комбинатта түрлі тағамдардың кең таңдауы ұсынылатын болады. Ол ең алдымен, жергілікті өнімдерден дайындалған дәстүрлі тағамдардан тұрмақ. Бұл өте маңызды, себебі біз мәдени және гастрономиялық кодымызды ұстануымыз керек. Екіншіден, балалардың күш-қуатын арттырып, денсаулығын жақсарту үшін қажетті теңдестірілген негізгі тағамдар – сорпа, ботқа және басқа да ыстық тамақтар болуы шарт. Сондай-ақ жас ағзаның дамуына пайдалы  жеңіл тағамдар мен сусындарға да назар аударылуы тиіс. Оған табиғи йогурттар, жеміс сығындылары және шырындар жатады.

    Серікхан Сәметұлының сөзінше, тағам сапасын бақылауға ерекше көңіл бөлінбекші. Осыған байланысты бастамашыл топ мүшелері шикізатты таңдау мен тағамдарды мектептерге жеткізу кезеңдерінде заманауи бақылау жүйелерін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл қадам тамақтанудың жоғары сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    Бұл істе технологиялар мен инновациялық шешімдер де маңызды. Комбинат заманауи озық жабдықтармен жабдықталады, бұл оның өнімділігін арттыруға және шығындарды азайтуға, сондай-ақ тамақтануды барлығына қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
    – Комбинатты ашу 2025 жылға жоспарланған, – деп қорытындылады сөзін Серікхан Сәметұлы. – Біз бұл жобаның мектептерде тамақтану мәдениетін қалыптастыруға  негіз болатынына сенімдіміз. Ол тек балаларды пайдалы тамақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, өсіп келе жатқан ұрпақтың дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруға да септігін тигізеді. Біз Қазақстандағы әрбір баланың денсаулығы мен әл-ауқаты жақсы  болуын қалаймыз!

    Игі бастама балалардың сапалы тамақтануына жол ашады деп сенеміз. Дүкенде қаптаған шетелдік өнімдерден гөрі, пайдалы аспен баланы тамақтандыру әлдеқайда тиімді болмақ.

    Қуат Қайранбаев,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    АЭС-тің артықшылығы басым – ядролық физика маманы

    Алматы облысында АЭС салу бойынша сауалнама өткізілді

    9 months ago
    Өлеңмен өрілді

    Өлеңмен өрілді

    6 months ago
    Ізгілік мерекесі

    Ізгілік мерекесі

    11 months ago
    Рух пен сенім

    Рух пен сенім

    7 months ago
    Рухани тәрбие негізі

    Рухани тәрбие негізі

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>