-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Елімізде су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

    22.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Қамданған қапы қалмайды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Су ресурстары және ирригация министрлігі суару маусымында шаруаларды үздіксіз суармалы сумен қамтамасыз еткеннен кейін, су саласының барлық мамандары келе жатқан көктемгі су тасқыны кезеңіне белсенді дайындықты бастады. Су қоймалары, бөгеттер және басқа да құрылыстарды салу және реконструкциялаудан өткізіліп жатыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ брифингінде хабарлады.

    Өткен жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймалары мен басқа да гидротехникалық нысандарды жаңғырту және жөндеу бойынша ауқымды жұмысты бастады. Ведомство 20 жобаны іске асырумен айналысты. Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет реконструкция жасалды. Бүгінде қойманың сыйымдылығы 245 млн текше метрге жетті.

    Батыс Қазақстан облысында соңғы 58 жылда бірінші рет Киров су қоймасы жөнделді. Бұдан бөлек, суару каналдары қалпына келтірілді. Нәтижесінде шаруаларға, фермерлерге арналған суармалы судың сапасы жақсарды.

    «Атырау облысында 41 жылда алғаш рет ұзындығы 74 шақырым болатын «Ақсай» каналы жөнделді. Астана су қоймасын реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Ал, Шығыс Қазақстан облысында Қандысу өзеніндегі су қоймасын қайта жаңғыртуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр», – деді спикер.

    Сонымен қатар еліміздің 16 өңірінде су тасқынына дайындық аясында жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 400-ге жуық бөгет жөнделді. Бұл жұмысты Су ресурстары және ирригация министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі және әкімдіктермен бірлесіп іске асырып жатыр.

    Жауапты органдар 6 облыстың 84 елді мекенінде қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары. Бұл жұмыс 359 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Ұсынымдар

    “60 жыл бір шаңырақ астындамыз” – Қонаев тұрғыны

    “60 жыл бір шаңырақ астындамыз” – Қонаев тұрғыны

    1 year ago
    Қатерлі ісікпен күресу жолы

    Қатерлі ісікпен күресу жолы

    9 months ago
    Жиһаз зауыты ашылды

    Жиһаз зауыты ашылды

    6 months ago
    Оқырманға жол тартты

    Оқырманға жол тартты

    4 months ago
    Нарықтағы орнымыз нығайып келеді

    Нарықтағы орнымыз нығайып келеді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.