-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өнерге құштар өрендер

    22.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Өнерге құштар өрендер
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Қаскелең қаласында орналасқан «Немере» жекеменшік мектебінде биыл екінші жыл қатарынан домбырашылар үйірмесі жұмыс істейді. Мұнда қазақ балалары ғана емес, сондай-ақ орыс, әзербайжан ұлтының өкілдері де киелі аспапты үйреніп жүр. Үйірмені кәсіби домбырашы, тәжірибелі педагог Гүлмира Қалиева басқарады. Ол жуырда ұзақ жылғы адал еңбегінің жоғары бағасы ретінде «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

    Кеген ауданында туып-өскен дарынды ұстаз Қарасай ауданындағы Каскелең мәдени-ағарту училищесінде білім алып, домбыраның құлағында ойнайтын хас шебер әрі мұғалім мамандығын алып шығады. Ал 2016 жылдан шәкірт тәрбиелеу ісіне ден қояды.

    – Домбыра үйрету арқылы халқымыздың дәстүрін сақтау, мәдениетімізді дамыту және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруды мақсат еттім. Ата-бабадан бізге мұра болған ұлттық аспапты болашақ ұрпаққа жеткізуіміз қажет, – дейді Гүлмира Мұқанқызы.

    Бүгінде үйірмедегі шәкірттер арасында Артемий Корнеев, Алиша Шабалдина, Нұрсұлтан Шавкаев, Алижан Ихсан, Диана Досановалардың домбыраға деген қызығушылығы басым. Оқушылардың жеткен жетістіктері аз емес. «Жас дарын», «Көшпенділер әуені» «Жарық жұлдыз», «Тәуелсіз елдің тұғыры» атты өнер байқауларында жүлделі орындардан көрініп келеді. Балалардың жарысқа қатысуын мектеп басшылығы қаржыландырады, ал ұлттық киімдері ата-аналарының көмегімен дайындалуда.

    Біз өнерлі оқушыларды сөзге тарттық. 9 «Б» сынып оқушысы Диана Досановаға үйірмедегі сабақ ұнайды, сондықтан әр дайындығына қалмай қатысады. 7 «В» сыныбында оқитын әзербайжан ұлтының өкілі Нұрсұлтан Шавкаев домбыраны бала кезінен жақсы көретінін, осы аспапта ойнауды үйренуге әрқашан ниетті болғанын айтады. Сол сияқты, 2 сыныпта оқитын орыс қызы Алиша Шабалдина да мектепте домбыра үйірмесі ашылғанын естігенде алдымен қызығушылықпен барып, кейін домбыраға деген шынайы сүйіспеншілігі оянғанын айтады.

    – Өмірдегі ең үлкен жетістігім – менің оқушыларым, – деп қорытындылады әңгімесін Гүлмира Мұқанқызы. – Жас жеткіншектердің мәдениетімізді дамытуға, рухани құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі қуантады. Өнерге деген құштарлық балалардың бойында  адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Болашақ жоспарларым туралы айтсам, мен қазақтың ұлттық өнерін әрі қарай дамытуға, шәкірттерімді түрлі байқауға дайындауға тырысамын. Бұдан бөлек, жеке шығармашылық орталығымды ашуды армандаймын.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Талғар ауданында 5 мектепте үш ауысымда оқу жалғасады

    Талғар ауданында 5 мектепте үш ауысымда оқу жалғасады

    2 years ago
    Аңшылық маусымы ашылды

    Аңшылық маусымы ашылды

    4 months ago
    Алматы облысында жыл басынан бері 10 орман өрті болды

    Алматы облысында жыл басынан бері 10 орман өрті болды

    2 years ago
    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    2 months ago
    Қолөнерші: Депутаттар мәдениет қызметкерлерінің жағдайына көңіл бөлуі керек

    Қолөнерші: Депутаттар мәдениет қызметкерлерінің жағдайына көңіл бөлуі керек

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>