-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    13.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстанда балаларға 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржыны тұрақты жинақтау мақсатына арналған.

    «Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушылары саналатын екінші деңгейдегі банктерде және сақтандыру компанияларында шот ашуы қажет, онда осы жылы 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (2025 жылы 235 920 теңгені құрайды) және жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мөлшерінде бастапқы білім беру капиталы, 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақының жыл сайынғы төлемі және инвестициялық табыс есептелетін болады.

    «Келешек» жүйесінің шарты – ата-аналар кемінде 12 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы міндетті ең төменгі жарнаны төлеуі тиіс.

    Шоттарды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, ал сақтандыру төлемдерінің сомасын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандырады.

    Мемлекеттік білім беру грантын алған жағдайда қаражатты жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға пайдалануға болады.

    Сонымен қатар, жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттауға және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға беруге болады.

    Ұсынымдар

    Әкім азаматтарды қабылдады

    Әкім азаматтарды қабылдады

    1 year ago
    Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы басталады

    Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы басталады

    1 month ago
    Жастармен жүздесу

    Жастармен жүздесу

    8 months ago
    Ұлт шежіресіне үлес қосқан

    Ұлт шежіресіне үлес қосқан

    11 months ago
    Өнер мектебі өрендер үшін!

    Өнер мектебі өрендер үшін!

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.