⚠️ API қатесі: cURL error 28: Operation timed out after 5000 milliseconds with 0 out of 0 bytes received
Сәрсенбі, Қараша 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Ұлы Жеңістің мерейлі белесі

    03.01.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Лебіз, Сұхбат
    Ұлы Жеңістің мерейлі белесі
    0
    SHARES
    30
    VIEWS

    Биыл – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Осыдан 80 жыл бұрын біздің аталарамыз қан майданда жауды ойсырата жеңіп, фашизмді талқандаған болатын. Биыл сол Ұлы Жеңістің 80 жылдығын қарсы алу алдында тұрмыз. Бұл біз үшін жай ғана той емес, тарихты таразыға салатын, батырларымыз бен қаһармандарымызды ұрпаққа өнеге ететін, өткенімізге баға беретін айтулы күн. Дәл осы туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында тоқталған екен.

    Біздің аталарымыздың соғыста жанқиярлықпен соғысқанын, аналарымыз бен сол кездегі балалардың әскерді азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтудағы ерен ерлігін айта келе, алдағы жылды өшпес ерлік көрсеткен батырларымыздың есімін жаңғыртуға басты назар аударатынымызды айтыпты. Сондай-ақ Б.Момышұлының – 115, М.Ғабдуллиннің – 110, Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы салтанатты іс-шаралар тізіміне кіретінін жеткізген. Сұхбатында: «Жеңістің биылғы мерекесі Қазақстанның бірде-бір азаматын бей-жай қалдырмайтынына сенімдімін. Өйткені біздің елде сұрапыл соғыстың зардабын тартпаған отбасы жоқ деуге болады. Соғыста қаза тапқандарды ұмытпай, қаһарман ерлеріміздің рухына тағзым ету, ел ішінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау – баршаға ортақ парызымыз», – деген Мемлекет басшысы алдағы жылы көзі тірі ардагерлерімізге құрмет-қошемет көрсетіп, дүниеден өткен батырларымызды еске алатын жыл екенін айтады.

    Иә, 80 жылдық Жеңістің мерейлі белесін атап өту баршамыздың міндетіміз. Сондықтан ауданымызда да бұл айтулы күн өз дәрежесінде аталып өтетіні айқын. Бұл жылы өшкенімізді жандырып, өлгенімізді қайта тірілтетін тағы бір тарихи жыл болмақ.

    Ербол Нұрсейітов,

    Ұйғыр аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

    Ұсынымдар

    Атом энергетикасы – ғылымды қажет ететін сала

    Атом энергетикасы – ғылымды қажет ететін сала

    1 year ago
    Жәрмеңкеде баға арзан

    Жәрмеңкеде баға арзан

    3 months ago
    Заң бұзған коммуналдық мекемелер мен субъектілер жауапқа тартылды

    Заң бұзған коммуналдық мекемелер мен субъектілер жауапқа тартылды

    2 years ago
    Домбырамен тілдескен шебер

    Домбырамен тілдескен шебер

    2 years ago
    Қонаевтағы Бөлек ата кесенесі мемлекетке қайтарылды

    Қонаевтағы Бөлек ата кесенесі мемлекетке қайтарылды

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>