-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    ЖАЙСАҢДАҒЫ ЖАНАЙҚАЙ

    30.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    ЖАЙСАҢДАҒЫ ЖАНАЙҚАЙ
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

           Жамбыл ауданы Жайсаң ауылының тұрғындары елдімекен маңында кәріз суы құйылатын тоғанның салынуына наразылық білдірді. Айтуларынша, егер аудан орталығы Ұзынағашта қалдық суы жиналатын орын салынса, мұндағы халықтың денсаулығы мен төрт түлік малға зиянын тигізеді. Ал әкімдік барлық жұмыстың құрылыс талаптарына сай жүргізілетінін, нысанның экологиялық қауіпсіз болатынын айтып, халықты дүрлікпеуге шақырды.

    Жайсаң ауылының тұрғыны Айгүл Зәуірбекова: «Ұзынағаштан шыққан қалдық суды осында әкеліп төгейін деп жатыр, оны халықтан сұраған ешкім жоқ. Біз, ауыл тұрғындары, жер асты­нан су алып ішеміз, мұнда су 9 метрден шығады. Орталықтандырылған ауызсу 120 метрден алынады. Егер тоған салынса, ішіп отырған суымызды кәріз суы ластамасына кім кепілдік береді? Лас сумен ағып келетін зиянды заттар жер астындағы ауызсуға қосылып, ауруға шалдықтырады деп қауіптенеміз», – дейді.
    – Кәріз суы жиналатын орынды біздің ауылдың маңына орнататын болса, ертең басқа жерге көшіріп әкете алмайды ғой, ол мәңгіге қалады. Ұзынағашта 40 мың адам тұрады. Осынша халықтың дәретханадан шыққаны бар, бүкіл жуынды-шайын­дысын төгуге қарсымыз», – дейді тағы бір тұрғын Қайратбек Әлімбаев. Жайсаңдық Тұрсын Тәуірбеков те осындай пікірде: «Кәріз суы қанша сүзгіден өтсе де, ол бәрібір сасық иіс шығарады, топыраққа сіңеді. Біз осы жерден су ішіп отырмыз. Сондықтан кәріз су жинайтын тоған­ның салынуына қарсымыз. Себебі балаларымыз, немерелеріміз, болашақ үрім-бұтағымыздың денсаулығына алаңдаймыз», – дейді.
    Жайсаң мен оған іргелес ауыл тұрғындары мұнда қалдық су төгіле­тін орын болатынын жер қазатын техника келгенде ғана білген көрінеді. Тұрғындардың алдына аудан орталы­ғынан жергілікті атқарушы орган өкіл­дері келіп, жобаны түсіндірді. Аудан әкімі еңбек демалысында болуына байланысты орынбасары Ақниет Тұматаев жұмыстың талапқа сай екенін жеткізді. Ол тоғанды қазбас бұрын жоба тағы бір қаралатынын, Ұзынағашта бұрыннан кәріз су жиналатын орын бар екенін, онда да жел батыстан соғатынын, бірақ ол жақта сасық иіс шықпайтынын айтты. Алайда тозғандықтан енді оны жабу керек. Дегенмен құрылысты жүргізетін мердігер компания, жоба­лаушы мекемеге қайтадан ұсыныс енгізіп, басқа жаққа қарай ауыстыру қарастырылатынына жиналғандарды сендірді.
    Мәселеге орай аудан әкімінің баспа­сөз хатшысынан жоба туралы ақпарат алдық. Ол бойынша жаңа тоған құрылысы Б.Қыдырбекұлы ауылынан – 4, Жайсаңнан 6 шақырым қашықтықта жүргізіледі. Аумағы 120 гектар жерді алады. Ал Ұзынағаш ауылының қазіргі кәріз жүйесі 1970 жылы салынған, сүзгі алаңы – 14 гектар. Оның тозуына байланысты жаңа жоба әзірленіп, 2021 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылыстың бастапқы құны 7,6 млрд теңге деп көрсетілген.
    Мемлекеттік тапсырысты орындауға 2023 жылы жарияланған конкурстың жеңімпазы болып «TOLAGAI-2050» ЖШС анықталған. Ұзынағаштан шығатын кәріз құбыры тартылғанымен, сүзгі алаңының құрылысы әлі бас­талмаған. Сүзгі алаңы «Ұзынағаш – Күрті» автожолының шығысында, Мыңбаев ауылдық округінің аума­ғында салынады. Шайынды жабық су қоймасында болғандықтан, одан иіс шықпайды. Механикалық және табиғи биологиялық тазартудан, бірнеше сүзгіден өтеді, қоршаған ортаға эколо­гиялық қауіпсіз.
    Десе де, екі мыңнан аса тұрғыны бар Жайсаңдағы жұртшылық қалдық су жиналатын тоғанның салынуын қош көрмей отыр. Біз бұл мәселені назарда ұстап, алдағы уақытта оқырманды істің барысынан хабардар ететін боламыз.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    «АЛЖИР»-де азапталған аналар

    «АЛЖИР»-де азапталған аналар

    12 months ago
    «Іле жағасы қоқысқа көміліп қалған»: бір күнде 30 тонна қалдық шығарылды

    «Іле жағасы қоқысқа көміліп қалған»: бір күнде 30 тонна қалдық шығарылды

    1 month ago
    Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогы өтіп жатыр

    Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогы өтіп жатыр

    2 years ago
    Ұлттық олимпиада құрамасына мемлекеттік ту тапсырылды

    Ұлттық олимпиада құрамасына мемлекеттік ту тапсырылды

    11 months ago
    Қазақ халқына ризамыз

    Қазақ халқына ризамыз

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.