[um_weather city="Қонаев"]
Жексенбі, Қаңтар 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жамбылдықтармен жүздесті

    15.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Парламент
    Жамбылдықтармен жүздесті
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысып, аудан активімен кездесті.

    Аудан әкімдігіндегі жиында Мәжіліс депутаты Парламентте қаралып жатқан негізгі заң жобаларына тоқталып, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын түсіндірді. Данияр Алдабергенұлы әсіресе, халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдық аймақтарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және білім мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру мақсатында заң шығарушы органның атқарып жатқан жұмыстарынан хабардар етті. Кездесу барысында аудан әкімі Нұрлан Ертас ауданның негізгі көрсеткіштері мен алдағы жоспары туралы баяндады. Өңір басшысы кейбір мәселені депутатпен бірлесіп, республикалық деңгейде шешудің маңыздылығын атап өтті. Халық қалаулысымен жиынға аудандық мәслихат төрағасы Мадияр Әмірғалиев, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

    Парламент Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов ауданға жасаған іссапары кезінде сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің  қызметкерлерімен де арнайы кездесті. Жиын барысында құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Асхат Данияр баяндама жасап, бөлім жұмысының жай-күйіне тоқталды. Ол полиция бөлімінде шешімін талап ететін мәселелерді қозғап, депутатқа нақты ұсыныстар мен сұрақтар жолдады. Данияр Алдабергенұлы полиция қызметінің маңыздылығын ерекше атап өтіп, мемлекет тарапынан құқық қорғау органдарына қолдау көрсету жалғаса беретінін жеткізді. Халық қалаулысымен кездесуде қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, материалдық-техникалық базаны нығайту, құқық қорғау саласындағы кадр тапшылығын жою мәселелері де жан-жақты талқыланды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    SDU университетінің спорт және мәдениет кешені ашылды

    SDU университетінің спорт және мәдениет кешені ашылды

    2 years ago
    Жас сарбаздармен толықты

    Жас сарбаздармен толықты

    12 months ago
    Лайықты бағасын алса…

    Лайықты бағасын алса…

    10 months ago
    Ауыл балаларына арналған олимпиада

    Ауыл балаларына арналған олимпиада

    11 months ago
    Маңызы зор мобильді топ

    Маңызы зор мобильді топ

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>