-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысы ауызсумен қаншалықты қамтылған?

    15.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Алматы облысында 2 облыстық қала (Алатау, Қонаев), 3 аудандық маңызы бар қала (Қаскелең, Есік және Талғар) бар, олар орталықтандырылған сумен толық қамтамасыз етілген (100%).

    368 ауылдың 344 – і (93,5%) орталықтандырылған сумен, 22 – сі су жүйесіне қосылмаған (өз ұңғымаларымен), 2 ауылға су тасымалданады.

    Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 5520 шақырым, тозу деңгейі 52,2 % құрайды.

    Соңғы 3 жылда 66 жобаны іске асыруға 48,3 млрд. теңге жұмсалып, 534 шақырым сумен жабдықтау желілері салынды және қайта жаңартылды.

    (Анықтама: сумен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 48 жобаны іске асыруға 19,2 млрд. теңге бөлінді (РБ – 14,4 млрд. теңге, ЖБ – 4,8 млрд. теңге).

    356,6 шақырым сумен жабдықтау желілері салынды және қайта жаңартылды (Еңбекшіқазақ ауданы Нұра, Қазақстан, Бәйдібек би ауылдары, Іле ауданы Жетіген, Екпенді, Ақши ауылдары, Райымбек ауданы Көкбел, Тегістік, Тұзкөл ауылдары, Талғар ауданының топтық суағары, Жамбыл ауданы Ақсеңгір, Еңбекшіарал, Шолаққарғалы, Ынтымақ, Қасымбек ауылдары, Ұйғыр ауданы Ават ауылы, Кеген ауданы Қарабұлақ және А.Нүсіпбеков ауылдары, Қонаев қаласы Қарлығаш және Гүлдер ы-а.). Сапалы және үздіксіз сумен 45 213 мыңнан астам тұрғын қол жеткізді.

    Алматы агломерациясындағы тұрғын үй құрылысының ұлғаюына және халық санының тез өсуіне байланысты, сумен жабдықтау нысандарын қаржыландырудың басым бөлігі жаңа желілерді салуға, яғни жаңа тұрғын үйлердің халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған, бұл өз кезегінде қолданыстағы желілердің тозуының артуына алып келеді.

    Ағымдағы жылы 41 жобаны (28 жоба 2024 жылдан өтпелі) іске асыруға бюджеттен 18,4 млрд.теңге (ҰҚ – 6,1 млрд. теңге, РБ – 2,2 млрд. теңге, ЖБ – 10,1 млрд. таңге) бөлінді.

    Сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңғырту бойынша 45 жобалық – сметалық құжаттамаларын әзіреуге облыстық бюджеттен 1.1 млрд. теңге бөлінді.

    Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданының 2 ауылдарында (Ащысай, Қайрат) жобалық – сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өту үшін құжаттары дайындалуда.

    (Анықтама: «Еңбекшіқазақ ауданының Ащысай ауылын сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама өтуге құжаттар әзірленуде. Жобаны түзету 2023 жылы басталды. Техникалық қиындықтарға байланысты мемлекеттік сатып алу шарты 2024 жылдың қазан айында жасалды, келісім шартқа сәйкес, жоба жасау уақыты 7 ай. Жоба 95% дайын. Сәйкесінше, сараптамаға кіру уақыты ағымдағы жылдың 28 ақпанына дейін.

    «Еңбекшіқазақ ауданының Қайрат ауылын сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу» жобасы бойынша, жоба 60% аяқталған.Санитарлық нормаларға сәйкес, ұңғыма бұрғылау үшін 12 752 м2 жер телімі қажет. Қазіргі уақытта бос жер телімін қарастырып, әрі қарай заңдастыру жұмыстарын жүргізу қажет. Сараптамаға кіру уақыты ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айлары.)

    «Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары облыстың 2 қаласы мен 79 ауылдық елді мекендерінде желілер қайта жаңартылады.

    (Анықтама: 14 ауылда суды тазарту блок-модульдерінің кешенін орнатуға жергілікті бюджеттен қаржыландыру бөлу көзделеді.

    Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданының 6 ауылы халықтың орталық сумен жабдықтаудан және суды тазарту блок-модульдерінің кешенін орнатудан бас тарту хаттамаларын ұсынды, өйткені бұл елді мекендерде өз ұңғымалары пайдаланылады).

    Барлық жобалар аяқталғаннан кейін 1428,6 км сумен жабдықтау желілері салынып, қайта жаңартылатын болады.

    Нәтижесінде желілерінің тозуы 47% – ке дейін төмендейтін болады.

    2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі облыстың барлық елді мекендерін сумен 100% қамтамасыз ету бойынша барлық күш-жігерін жұмсауда.

    Ұсынымдар

    Президент бірқатар заңға қол қойды

    Президент бірқатар заңға қол қойды

    3 weeks ago
    Жайылымды жайлаған қара құрт

    Жайылымды жайлаған қара құрт

    1 year ago
    Іле ауданында тегін оқу орталығы ашылды

    Іле ауданында тегін оқу орталығы ашылды

    2 years ago
    Ауыл жұрты алаңдаулы

    Ауыл жұрты алаңдаулы

    4 months ago
    Бозкілемде белдесті

    Бозкілемде белдесті

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.