-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бәсеке бар жерде сапа бар

    15.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Бәсеке бар жерде сапа бар
    0
    SHARES
    63
    VIEWS

         Бүгінде халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға негізделген мемлекеттік бағдарламалар баршылық. Соның бірі – «Ауыл аманаты» жобасы. 2023 жылы бастау алған бағдарлама аясында 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 17 мың жаңа жұмыс орны ашылды. «Ауыл аманатының» шарапатын көріп, кәсібін дөңгелетіп отырған жанның бірі – Талғат Қанапияұлы.

    Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылында тұратын Талғат Қанапияұлы – Қытай елінен қоныс аударған қандас. Он саусағынан өнер тамған азамат атакәсіпті нәсіп қылып қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға да үлкен үлес қосып келеді. Олай дейтініміз, кейіпкеріміз көшпелі өмір салтында ерекше маңызға ие болған киіз үй жасаумен айналысады. Бес жыл бұрын бастау алған бұл жоба жемісін беріп, пайдалы кәсіпке айналыпты. Құруы да, жиналуы да тез киіз үй жасау жолын кәсіпкер заманға лайықтап алған. Қазақтың ою-өрнегімен көмкеріп, ұлттық нақыш бояуын да жоғалтпапты. Кейінгі жылдары ұлттық құндылықтарға бет бұрған көпшіліктің киіз үйге де қызығушылығы артқаны рас. Баспананың бұл түріне жеке адамдардан бөлек, туристік орталықтар мен демалыс орындарынан тапсырыс көп түседі. Жауын-шашын өтпейтін сапалы материалдан жасалған, жазда салқын, қыста жылы киіз үйді алты ай жайлауда отыратын шопандар да қоймайтын көрінеді. Бастапқы уақытта жылына 10-15 шақты киіз үй сатса, қазір жылына шамамен 200-300 үйге тапсырыс келеді.
    «Мемлекетке иек артып отыра бермей, іс бастаймын дегендерге «Ауыл аманаты» – таптырмас қолдау. Бағдарлама жайлы естігенде үй ішімен ақылдасып, бірден іске кірістік. Соның пайдасын көріп отырмыз. Ауыл адамдары кәсіп ашып, бағдарлама аясында өзінің ғана емес, жергілікті жердің өсіп-өркендеуіне үлес қоса алады», – деген кейіпкеріміз былтыр аталған бағдарлама бойынша мемлекеттен 2,5 пайызбен 3 млн теңге несие алған. Үйінің ауласында басталған кәсібі кеңейіп, шеберханасын да жаңалапты. Қажетті құрал-жабдығы да заманауи. Талғат Қанапияұлы бүгінде 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
    «Ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықты жою, кәсіпкерлерге қолдау білдіріп, отандық өнімдердің түрі мен санын, сапасын, нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру сынды маңызды мәселеде «Ауыл аманаты» бағдарламасының алар орны зор. Бағдарламаға қатысушы азаматтардың идеялары да сан түрлі, ұсынатын жобалары да жан-жақты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, жартылай фабрикаттар, қызмет көрсету саласы, құс, балық, ара ұстау, ауыл шаруашылығына қатысты және басқа да жүздеген жоба  бар. Жобаның көптігі нарықта бәсекені туғызады. Ал бәсеке бар жерде, сапа да болары сөзсіз», – дейді «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ PR-менеджері Руслан Ескендір.
    Алматы облысында қазіргі уақытта жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге 186 жоба қаржыландырылып, жұмысын атқарып жатыр. Бұлардың барлығы да нарыққа сапалы өнім, жоғары деңгейлі қызмет ұсына алатын сұранысқа сай кәсіпкерлер.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Жастар орталығы ашылды

    Жастар орталығы ашылды

    6 months ago
    Қазақстан-Қытай шекара ынтымақтастығы форумында 16 құжатқа қол қойылды

    Қазақстан-Қытай шекара ынтымақтастығы форумында 16 құжатқа қол қойылды

    2 years ago

    Алматы облысында екі монополия субъектісіне қатысты жол картасы әзірленді

    10 months ago
    Балабақша жұмысы жанданады

    Балабақша жұмысы жанданады

    4 months ago
    Алматы облысында театр саңлақтары шеберлік сағатын өткізді

    Алматы облысында театр саңлақтары шеберлік сағатын өткізді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.