-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Екіжақты байланыс артады

    26.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    қырғыз консулы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Жеңісбек Асанқұловпен кездесті. Жүздесуде бауырлас екі елдің, оның ішінде Алматы облысымен сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі мен алдағы жоспар талқыланды.

    Облыс әкімдігінде өткен кездесуде аймақ басшысы екі елдің ежелден туыстық тығыз қарым-қатынасына мән беріп, әсіресе шекаралас жатқан Алматы облысымен ауылы аралас, қойы қоралас екенін айрықша атап өтті.

    –  Біз ежелден Алатаудың күнгейі мен теріскейін мекен еткен бауырлас халықпыз. Оның үстіне сіздермен көршілес жатқан аймақпыз. Қырғыз-қазақ ынтымақтастығына екі ел Президенттері зор үлес қосып келеді. Бүгінде қос тарап 300-ден астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойды. Соның ішінде Мәңгілік достық және одақтастық қатынастар туралы шарттар іргетас саналады. Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық және одақтастық әріптестік Жоғары мемлекетаралық кеңес, Парламентаралық кеңес, Үкіметаралық кеңес және Сыртқы істер министрлері кеңесі секілді екіжақты органдардың қалыптасуына жағдай жасады. Бұл келісімдер өз кезегінде өңіраралық байланысты нығайтуға да серпін бере алады, – деді Марат Елеусізұлы.

    Аймақ басшысы тараптар арасындағы өзара тығыз байланысты ескере келе, екі ел өңірлері арасындағы ынтымақтастықты да нығайта түсу қажет екенін атап өтті. Облыс туралы жан-жақты ақпарат беріп, әлеуетті инвесторлар мен туристер үшін тартымды өңірлерді тілге тиек етті.

    Қазіргі кезде Қазақстан мен Қырғызстан көлік, туристік бағыттар мен қонақ үй бизнесін жақсартып, туризм саласын белсенді дамытып келеді.

    – Біздің алға қойған мақсатымыз – Алматы қаласы мен облысы тұрғындарының біздің елге сапарын жеңілдету, елімізде туристердің еркін сезінуін қамтамасыз ету. Біз олардың Қырғызстан шекарасынан кедергісіз өтуі үшін жағдай жасап жатырмыз. Бұл ретте тау туризмін, сондай-ақ саладағы басқа бағыттарды дамытуға биыл күш салынады. Сонымен қоса Алматы мен Ыстықкөл облыстары арасындағы сан салалы өңіраралық байланысты жаңа деңгейге көтеруге де басымдық беретін боламыз, – деді Бас консул Жеңісбек  Асанқұлов.

    Өз кезегінде қырғыз дипломаты жылы шырайда қабылдаған облыс басшылығына алғысын жеткізіп, сауда-экономика, әлеумет, медицина, білім салаларында қарым-қатынасты нығайта түсудің мәні зор екенін айтты.

    Ерзат Асыл

    Ұсынымдар

    Әкімдер сайланды

    Әкімдер сайланды

    1 year ago
    Ет экспорты – ел ырыздығын еселейді

    Ет экспорты – ел ырыздығын еселейді

    1 year ago
    Таза бейсенбі: Іле ауданының 70-тен астам тұрғыны экологиялық акцияға қатысты

    Таза бейсенбі: Іле ауданының 70-тен астам тұрғыны экологиялық акцияға қатысты

    1 month ago
    Көшпенділер ойындарына билеттер сатыла бастады

    Көшпенділер ойындарына билеттер сатыла бастады

    11 months ago
    Жағажай жаңа кейіпке енеді

    Жағажай жаңа кейіпке енеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>