-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ет экспорты – ел ырыздығын еселейді

    26.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы, Экономика
    Ет экспорты – ел ырыздығын еселейді
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Бір кездері Қазақстанда аты одаққа ғана емес, әлемге әйгілі ет комбинаттары болғанын аға ұрпақ өкілдері жақсы біледі. Семей мен Үштөбеде орналасқан алып комбинаттардың өнімдерін шет елге шығарып, достас мемлекеттерге қолдау көрсеткені әлі есімізде. Алайда, КСРО-ның құлауымен аталған стратегиялық кәсіпорындар да өз жұмысын тоқтатқан болатын.

     Содан  кейін елімізде шағын мал соятын  орындар болмаса, әлемдік деңгейде жұмыс істеп, қазақстандық сапалы ет өнімдерін шет елдерге экспорттайтын комбинаттар қалмағандай еді. Құрылысы 2008 жылы басталып, бір жылдың ішінде алғашқы өнімдерін бере бастаған «Meat Pro assilg and Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі ет комбинаты осы олқылықтың орнын толтырғандай.

    – Біздің комбинат негізінен Алматы қаласындағы көптеген тойхана, дәмханаларды, сонымен қатар балабақша, мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік нысандарды құнарлы әрі балғын етпен қамтамасыз етіп келеді, – дейді кәсіпорынның негізін қалаушы Бақытжан Әбдірасилов. – Мұның сыртында еліміз бойынша «Асыл ет» деген дүкендер желісі жұмыс істейді.

    Жоғарыда айтқанымыздай, бұл комбинаттың тағы бір ерекшелігі – тәуелсіз  Қазақстанның тарихында тұңғыш болып шет мемлекеттерге ет шығара бастаған екен. Атап айтқанда, мал етінің сапасына аса қатты көңіл бөліп, төрт түліктің күтіміне ғана емес, оның немен қоректеніп, қалай сойылатынына дейін қадағалайтын Иран Ислам республикасына, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Катарға, Оман мен Бахрейнге, Кувейт пен Сауд Арабиясына және Кеден одағына кіретін елдерге ет өнімдерін өткізуге аккредитация алған бірден-бір мекеме осы болып отыр. Бұл елдер өздерінде мал өсіруге табиғи жағдайлары болмағандықтан оны шет елдерден сатып алуға мүдделі. Ақшалары мол болғандықтан олар сапасы жоғары әрі дәмдік қасиеттері ерекше өнімдерді тұтынатыны бесенеден белгілі. Осы орайда Қазақстан әлемдегі мал өсірумен айналыстын мемлекеттердің ішінде етінің сапасы және табиғи дәмімен алдыңғы қатарлы елдердің сапына кіретіні қуантады.

    Сонымен қатар, біз сияқты жылқы етін тағамға дәстүрлі түрде пайдаланатын Жапония еліне Қамбар ата түлігінің етін жөнелтуді бастаған да аталған компания екен. 2019 жылы шекара қатынасы біршама жеңілдеген кезде көршілес Қытай еліне ет шығаруды қолға алып, бүгіндері Қазақстаннан баратын еттің 70 пайызын қамтамасыз етіп отырған комбинат осы әріптестік аясында нәтижелі жұмыс істеп келеді.

    Мұндай жетістіктерге қол жеткізу оңай еместігін сала мамандары жақсы біледі. Мысалы, 2022 жылы елімізде аусыл ауруының шығуына байланысты шет мемлекеттер қазақстандық етті өз территорияларына кіргізуге тыйым салған болатын. Былтырдан бері карантин уақыты бітіп, Қытай кедендік бас басқармасы біздің шығыс өңірлерді «таза аймақ» деп танығаннан кейін жұмыс қайта жандана түскен.

    – Бүгін біз біраз уақыт демалыстан кейін тұңғыш рет Қытайға 20 тонна ет жөнелтпекшіміз, – дейді Бақытжан Зұлпыхарұлы сөзін сабақтап,– жалпы келісімшарт бойынша 12 мың тонна ет шығаруға аккредитация алған болатынбыз. Егер бұл ет экспорты жүйелі түрде жүргізілетін болса, қазақстандық фермерлер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өз өндірістерін өркендетуге мүмкіндік алады. Өсірген малымыздың етін жоғары бағаға әрі тұрақты тұтынушыға өткізіп отыру біз үшін өте тиімді. Бұл еліміздің мал шаруашылығын дамытуға үлкен септігін тигізеді.

    Бүгінде кәсіпорын бір күнде 2 000 қой мен 500 ірі қара сойып, етін әлемдік талаптарға сай қаптай алады. Оған қажетті малды негізінен осы төңіректегі мал өсірумен айналысатын ұжымдармен және жекеменшік шаруа қожалықтарымен жасасқан келісімшарт бойынша алып отыратын көрінеді. Өйткені, мемлекеттік аккредитациясы бар комбинатқа малдарын өткізгендер талап бойынша субсидия алуға құқылы. Мұның сыртында серіктестікте 3 000 бас мал бордақылайтын алаң жұмыс істейді. Мұнда ірі қараның жас төлдерін алып, 7 айдан 18 айға дейін семіртуге жағдай жасалынған. Осылайша, тірідей салмағы 500 келіден 1 тоннаға дейін жеткен мал союға жіберіледі.

    Жалпы, елімізде мал басы қаншама көп дегенімізбен, осы саланы дамытуға кедергі келтіріп отырған жайлар да жетерлік екен.

    – Солардың қатарында сыртқы нарыққа ет шығару мәселесінде кедергілер көп болғандықтан, фермерлер өнімдерін тиімді бағаға өткізе алмай, шаруашылығы шатқаяқтап тұрған жайы бар, – дейді Бақытжан Зұлпыхарұлы бізге берген сұхбатында. – Қазақстанда адам санының аздығына байланысты өсірген малды өткізу қиындықтар туғызады. Сонымен қатар кедендік одақтың мүшелері – Ресей мен Белорусьтен арзан бағаға келетін ет өнімдері де қолбайлау жасауда. Өзіндік құны төмен, кеден салығын төлемейтін бұл мемлекеттер біздегі саланы дамытуға айтарлықтай кері әсер етіп отыр деп айта аламыз.

    Зауыт құрылысы басталған кезден мұнда ең сапалы, заман талапарына жауап беретін қондырғылар орнатуға көңіл бөлінген. Комбинатта негізінен Германия мен Швейцарияның құрылғылары жұмыс істеп тұр. Әлемдік деңгейде мойындалған Малазияның, Иранның және әлемдік өзге де мекемелердің халал сертификаттары бар.

    Бұл күндері толық қуатында жұмыс істеп тұрған комбинатта 57 адам еңбек етеді. Алдағы уақытта еттен жасалатын бұқтырылған консервілер, түрлі шұжықтар, тартылған ет және қуырдақ пен кәуапқа қажет дайын өнімдер шығаруды жоспарлап отыр. Серіктестікке тиесілі 22 га жер өндірісті ұлғайтуға мол мүмкіндік береді. Осы орайда кәсіпорын мемлекет тарапынан жасалынып жатқан көмекке де арқа сүйеп келеді. Ендеше, ел ырыздығын еселейтін ет экспортын жолға қойған «Meat Pro assilg and Service» ЖШС-і алдағы уақытта да қызметін арттыра береді деп сенеміз.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

    Өзекті мәселе шешілсе өсім артады

    1 week ago
    Батырдың сағаты

    Батырдың сағаты

    7 months ago
    Әкім: Талғар ауданы инвестиция тарту бойынша алғашқы үштікте

    Әкім: Талғар ауданы инвестиция тарту бойынша алғашқы үштікте

    2 years ago
    Игілік бастауы

    Игілік бастауы

    8 months ago
    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>