-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Ел анасын еске алды

    06.02.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Ел анасын еске алды
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

        Қарасай ауданы Қырғауылды ауылындағы «Анаға құрмет» музейінде Жұмысшы мамандықтары жылы аясында қазақтың тұңғыш әйел механизаторы, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваны еске алу кеші өтті.

    Кәмшат Дөненбаева – Қостанай облысының тумасы. Өмір жолы еңбекпен, ерлікпен және табанды­лықпен өрілген. Ол трактор тізгіндеген алғашқы қазақ әйелдерінің бірі болды. Қажыр-қайратының арқасында шебер механизатор атанып, ауыл шаруашылығында рекордтық көрсет­кіштерге қол жеткізген.
    Ленинградтағы С. Киров зауытында жаңадан құрастырылған «КА-700» атты алып техниканы сынақтан өткізу­ді Кәмшат Байғазықызына сеніп тапсырады. Қазақтың қайсар қызы бұл міндетті абыроймен атқарады. 1972 жылы Қостанай облысында астық жинау науқанында ерекше көзге түсіп, рекордтық өнім жинады. 1976 жылы еңбектегі жетістіктері үшін КСРО-ның ең жоғарғы марапаты – Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізуге де атсалысып, тәжірибесі КСРО деңгейінде жоғары бағаланды. Өмірінің соңына дейін туған жерінде еңбек етті. Кәмшат Дөненбаеваның есімі қазақ тарихында ауыл шаруашылығының аңыз адамы ретінде мәңгілікке сақталады. Оның ерлігі мен еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі.
    Аталған шарада Кәмшат Дөненбаева­ның адами қасиеттері жайлы жылы естеліктер айтылды. Туған-туыстары мен замандастары және өнер қайраткерлері ол кісінің асыл ана, аяулы әже, адал жар ретінде тек отбасына ғана емес, барша қазақ халқына үлгі болғанын атап өтті. Шара барысында белгілі қылқалам шебері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жанұзақ Мүсәпір Еңбек Ері бейне­ленген портретті музейге тарту етті.
    «Кәмшат анамыздың көздерінен мейірім төгіліп тұрады. Суретте еңбек­пен шыңдалған жанның қайсар­­лығын бейнеледім. Сондай-ақ аналық махаб­батын да барынша жеткізуге тырыстым», – дейді Жанұзақ Керімбекұлы.
    Еске алу кеші дала еңбеккерлерінің ерлігі мен ананың мейірімін ұлықтайтын шара болуымен қатар болашақ ұрпаққа аманат етілген тағылымды тарихтың бір парағы ретінде де айқындалды. Кәмшат ана бейнесі – қазақ әйелінің қайсарлығы мен еңбексүйгіштігінің мәңгілік символы болып қала бермек.
    Айта кетейік, «Анаға құрмет» музейі – қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлін дәріптеп, олардың ерен еңбегін ұрпақ жадында жаңғыртуға ден қойып келе жатқан мәдени орын. Бұл музейде елдің дамуына үлес қосқан ардақты аналардың өнегелі өмірі насихатталады.

    Балгүл Тілеуберген,
    «Анаға құрмет» музейінің экскурсия жетекшісі
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Маңызды қадам

    Маңызды қадам

    9 months ago
    Абай облысындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр

    Абай облысындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр

    2 years ago
    Әйел мен бала құқығын қорғайтын 111 қызметі туралы не білеміз?

    Әйел мен бала құқығын қорғайтын 111 қызметі туралы не білеміз?

    1 year ago
    КӨКСЕҢГІР РУХТЫ  СЕРІК ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ

    КӨКСЕҢГІР РУХТЫ СЕРІК ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ

    2 years ago
    Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

    Президент: Тасқынға қатысты дүрбелең тудыратындарға шара қолданылады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>