-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Энергетика секторын дамыту – елдік міндет

    14.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Энергетика
    Энергетика секторын дамыту – елдік міндет
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Алматы облысында энергетика секторын дамыту және ядролық кластер құру мүмкіндіктеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға билік органдарының, энергетикалық компаниялардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері және жұртшылық қатысты. Жиында өңір энергетикасын дамытудың жай-күйі, қазіргі проблемалары мен даму бағыттары талқыланды.

    Алматы облысы жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) ерекше назар аударып, энергетикалық инфрақұрылымды белсенді дамытуда. Соңғы бес жылда өңірде жалпы қуаты 304 МВт болатын 15 ЖЭК нысаны салынды. Қазіргі уақытта облыста жалпы қуаты 325,1 МВт болатын 22 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуге және экономиканы дамытуға аудандарда (Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл және Еңбекшіқазақ) 14 жоғары вольтты қосалқы станция салу серпін бермек. Осы жобалар бойынша құжаттарды әзірлеу және инвесторлар тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қосалқы станциялардың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда, бұл облыстық бюджетке қосымша жүктеме туғызбайды. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 200-250 млрд теңгені құрайды.

    Аймақтың энергетика секторын дамытудағы жетістіктергеқарамастан,бірқатарқиындықтар да бар. Солардың бірі – инфрақұрылымныңтозуы.Энергетикалықжүйе нысандарыныңкөбінжаңғыртып,қайта құру қажет.Сонымен қатар өнеркәсіппенхалық саныныңөсуі электр энергиясына деген сұранысты арттырып отыр. Сұранысты өтеу үшінжаңа электр қуатын өндірушікөздері қажет.Энергиякөздерінәртараптандыруқажеттілігі: Электр энергиясымен тұрақтықамтамасыз ету үшін энергиякөздерін әртараптандыру керек, соның ішіндеатомэнергетикасындамытумаңызды.

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші атом электр станциясының құрылысын жеделдетуді және елімізде ядролық кластер құруға кірісуді тапсырды. Бұл шешім энергия тапшылығының өсуіне және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты. Ядролық кластер құрылс атом электр станциялары ғана салынып қоймайды, сонымен қатар ілеспе салалар да дамиды. Мәселен, атом энергетикасы саласындағы мамандарды оқыту, инновациялық технологияларды әзірлеу және ядролық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, ядролық материалдар мен қалдықтарды өңдеуге арналған нысандар салу жолға қойылмақ. Дөңгелек үстелге қатысушылар Алматы облысының ғылыми-техникалық базасы мен географиялық орналасуын ескере отырып, ядролық кластер элементтерін орналастыру үшін қажетті әлеуетке ие екенін атап өтті.

    Алматы облысында энергетикалық секторды дамыту және ядролық кластер құру энергетикалық қауіпсіздікті және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық маңызды міндет болып саналады. Алға қойған жоспарларды сәтті іске асыру үшін мемлекет, бизнес және қоғам біріге күш жұмсау қажет. Дөңгелек үстелге қатысушылар ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, өңірдегі атом энергетикасын дамытуға байланысты мәселелерді талқылауда ашықтықтың маңыздылығын атап өтті.

    Айбек Мұқан

    Ұсынымдар

    Еңбек жәрмеңкесі өтеді

    Еңбек жәрмеңкесі өтеді

    1 year ago
    Ертең мені атады…

    Ертең мені атады…

    2 years ago
    Тағдыр тудырған

    Абай мұрасы – асыл қазына

    4 months ago
    Жүлдемен оралды

    Жүлдемен оралды

    7 months ago
    Әкім орынбасары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді

    Әкім орынбасары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>