-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    11.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Мұзарт шыңның Мұзбалағы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Халық сүйіспеншілігіне бөленген біртуар ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ кемде-кем. Ақын жүрегін жарып шыққан жалынды жырлар көңіл пернесін дөп басып, жаныңа майдай жағып, сырласуға шақырып тұрады. Осыған орай, облыс әкімдігінің қолдауымен Қарасаз ауылында өткен «Жырлайды жүрек» әдеби-сазды кеші ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етіп, оның мәңгілік мұрасын дәріптеуге арналды.

    Айтулы шарада келген қонақтар ең алдымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев рухына тағзым жасап, ақын бюстіне гүл шоқтарын қойды. Одан кейін жиналған қауым ақын Еркін Ібітанов атындағы Мәдениет үйінде бас қосты. Кештің шымыл­дығы ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігін айқындайтын «Қарасаз» өлеңімен түріліп, көрер­мен­дер «Қарадала» халық театрының «Мен ұмытылмаймын» атты қойы­лымын тамашалады.
    Шараға Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев, тектінің тұяғы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен келіні Бақытгүл Айдарова, «Мұқағали» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов, ақын Бақыт Беделхан және басқа да белгілі қаламгерлер, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
    Алғашқы құттықтау сөзін алған Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев: «Ақиық ақын Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілігін, махаббатын өлеңге айналдырып, миллиондаған оқырманның жүрегін жылытты. Өмірінің соңына дейін жырлаған ақынның шығармашылығы ұлттық әдебиетіміздің мәңгілік қазынасына айналды», – дей келе Жұлдыз Мұқағалиұлының иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
    Әдеби кеште облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқар­масының басшысы Данияр Әлиев құттықтау сөз сөйлеп, ақын мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін Ермек Қайнарбекұлы, Қымбат Нұрданбекқызы, Гауһар Кеңесқызы, Нартай Маратұлы, Бақытгүл Әбдіқадырқызы, Нұрслан Ізтілеуұлы, Нұргелді Жұмашұлына Алғыс хаттар табыстады.
    Асылдың сынығы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен келіні Бақытгүл Айдарова сахна төріне шығып, жылы лебіздерін білдірді. Кеш барысында «Мұқағали» қорының төрағасы Бақытгүл Айдарова ақын шығармашылығына ерекше сіңірген еңбегі үшін ардагер-ұстаз Дариға Саламатоваға, айтыскер ақын Даубай Мамытұлына, ақын Бақыт Беделханға «Мұқағали» төсбелгісін табыстап, қордың арнайы дипломымен Дидар Нұрболұлын, Ерлік Ахметовті, Рысалды Қуандыққызы мен Ринат Кемелбекұлын марапаттады.
    Шараның ең тартымды тұсы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғының иегері Бақыт Беделхан мен әнші-композитор Аққу Байжігіттің «Тәңіртауға тарту» атты поэтикалық қойылымы болды. Бұдан бөлек, әдеби-сазды кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев арнайы келді. Сахна төрінде ол: «Мен Хантәңірі өлкесіне бөтен емеспін. Бұл өңірдің әрбір тасы, әрбір құмы маған қымбат. Мен де Қарасаздың бір қара баласымын. Өйткені осы сахнада «Бозторғай» болып шырылдадым, Мұқағали өлеңдерін шырқап, көтерілдім. Атамыз осы өлкені мекен еткен. Шалкөде жайлауы – атамның табанының ізі қалған қасиетті жер. Өмірден өткен кезінде қабіріне осы өңірдің бір уыс топырағын салған едім», – деп тебірене сөйледі. Әншілер Өмірқұл Айниязов, Шаба Әденқұлқызы және өңір өнерпаздары, Сүйінбай атындағы облыстық филармония әртістері ақын сөзіне жазылған әндерді орындап, кештің сәнін аша түсті.

    PS: Ақын өлеңдерінде көркем сөздің күші ғана емес, жүректен шыққан шынайы сезім, өмірге деген құштарлық бар. Өлмес өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлт перзентінің ұрпаққа ұран болған жырлары жыл өткен сайын жастармен бірге жаңарып, жыл өткен сайын кейінгі жаңа толқынмен биіктеп барады. Оған дәл шара басталар уақытта электр жарығы техникалық себептермен өшіп қалғанда, тапжылмай екі сағат күткен елдің ерік-жігері мен сабырынан байқадық. Мұқағалиға деген ілтипат-құрметтің бұрынғыдан жоғары екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Чернобыль апатына – 39 жыл

    Чернобыль апатына – 39 жыл

    1 month ago
    Бабалар есімін жаңғыртқан

    Бабалар есімін жаңғыртқан

    3 months ago
    Қоғамдық тыңдау – даму кепілі

    Атом стансасының пайдасы неде, зияны қандай?

    2 years ago
      Ұрпақ ұмытпасын десек…

      Ұрпақ ұмытпасын десек…

    12 months ago
    “Ел қорғаны” медалімен марапатталды

    “Ел қорғаны” медалімен марапатталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>