-13 °c
Qonaev
Thursday, June 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өз ісінің шебері

    10.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Өз ісінің шебері
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Жамбыл ауданы Ақтерек ауылының тұрғыны Серік Байдәулетовті мұндағылар шебер маман ретінде жақсы таниды. Электр қуаты саласының білгірін ауылдастары «Ауыл жарықшысы» деп атап кеткен. Оның бұл салада еңбек етіп жүргеніне биыл 40 жыл толып отыр.

    Серік Молдабекұлы 1964 жылы 10 қарашада Ақтерек ауылында дүниеге келген. Осындағы орта мектепті бітіргеннен кейін әскерде азаматтық борышын өтеп келіп, өз өмірін электр энергиясы мамандығымен байланыстырады. Еңбек жолын 1985 жылы туған ауылындағы «Ақтерек» қой кеңшарында электр дәнекерлеуші болып бастайды. Ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерін, сынған соқа-сайман, тырма сияқты жабдықтарды қалпына келтіру, машина-трактор паркінде, мал қораларын жөндеуде металл дәнекерлеуге қатысты істердің басында жас жігіт өзі де шар болаттай шыңдала түседі. Темірден түйін түюді жақсы меңгеріп, біраз тәжірибе жинағаннан кейін 1993 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына жұмыс ауыстырады. Мұнда да «Ерқосай» шағын кооперативінің мұнарасында электр дәнекерлеуші болып екі жыл шамасында еңбек етеді.
    Одан кейін туған жеріне қайта оралып, «Ақтерек» қой шаруашылығының электр дәнекерлеушісі ретіндегі бұрынғы жұмысын жалғастырады. Жүрек қалауымен таңдаған мамандығының қыр-сырын жетік меңгерген азамат 2002 жылы «Алматы Пауэр Консолидэйтед» компаниясына жұмысқа орналасады. Мекеме атауы 2006 жылы «Алатау Жарық Компаниясы» болып өзгергені, аудандарда бөлімшелері жұмыс істейтіні белгілі. Содан бері аталған компанияда электр дәнекерлеуші болып қызмет атқарып келеді. Өз ісінің шебері атанған маман ұзақ жылғы жемісті еңбегінің арқасында облыстық және аудандық деңгейде Алғыс хат, өзге де марапаттарға ие болды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті

    Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті

    1 year ago

    Мәслихат рөлін арттыру маңызды

    8 months ago
    Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру

    Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру

    1 year ago
    Таңдау – өз еркінде!

    Таңдау – өз еркінде!

    2 months ago
    ОРТАҚ ТАРИХ

    ОРТАҚ ТАРИХ

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>