-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өзекті мәселе қозғалды

    05.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Өзекті мәселе  қозғалды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков ашып, жүргізіп отырды.

    Басқосуда алғашқы болып сөз алған облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Данияр Ысқақов балалардың өлімі мен жарақаттануының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Осы орайда дәріс, ашық сабақ, семинарлар өткізілген. Былтыр білім беру нысандарына жүргізілген тексеру қорытындысында өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарын бұзудың 3 957 дерегі анықталған. Прокуратураның талабына сәйкес, 177 жекеменшік балабақша тексеріліп, барлығына да ескерту берілген. Данияр Алдабергенұлы осы атқарылған шараларға қарамастан, білім беру мекемесі басшыларының ғимаратты өртке қарсы жағдайға келтіру бойынша кешенді шаралар қабылдамай отырғанына қынжылыс білдірді.
    – Кейбір нысандар автоматты өрт дабылдарымен жабдықталмаған, қолданыста барларының өзі жұмыс істемейді, электр және жарықтандыру сымдарына жоспарлы жөндеу жүргізілмеген, бастапқы өрт сөндіру құралдары жеткіліксіз. Сонымен қатар ұжым басшылары мен өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар «Өрт-техникалық минимум» курсынан өтпеген. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қауіпсіздік ережесін зерделеу және өрт кезіндегі іс-әрекеттерді жаттықтыру бойынша сабақтар жүргізілмейді. Осындай себептерден өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша білім беру нысандарының қазіргі жағдайы төмен деңгейде, – деген департамент бастығының бірінші орынбасары мұндай ахуалдың қаржының бөлінбеуінен ғана емес, лауазымды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыруда өз міндеттерін орындамауынан туындап отырғанын айтты. Осы орайда облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мектептердің өртке қарсы жабдықталуы үшін қыруар қаражат керегін, бұл мәселенің кезең-кезеңмен шешілетін жеткізді.
    Келесі кезекте облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев сөз алып, былтыр облыс аумағында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны 112-ден 95-ке төмендегенімен, Еңбекшіқазақ ауданында 16-дан 32-ге, Ұйғыр ауданында 4-тен 8-ге, Талғар ауданында 8-ден 15-ке өскенін алға тартты. Сондай-ақ баласын тәрбиелеу жөніндегі міндетін дұрыс орындамағаны үшін облыс бойынша 3457 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылғанын айтып, есепте тұрған жасөспірімдермен жасалып жатқан жұмыс төңірегінде сөз қозғады. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлының «Кәмелетке толмағандар арасында суицид пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы белсенді нысандар мен әдістер» туралы қосымша баяндамасы тыңдалды. Осы орайда Салтанат Дауысбекқызы 2023 аяқталған суицидтің 22, былтыр 19 дерегі тіркелгенін, 3 оқыс оқиғаның суицидке сай келмейтінін, сонда 14 аяқталған суицид болатынын қаперге салды.
    Аяқталған суицид дерегіне енгізілген бір баланың аман-есен оқуын жалғастырып жатқанына да көпшілік назарын аударды. Бұл жайт туралы қысқаша баяндар болсақ, Іле ауданында белгісіз адам 8-сынып оқушысын оқ атып, жарақаттаған. Қабылдаған ем-домнан кейін баланың жағдайы жақсарған. Іле ауданының тергеу бөліміне білім басқармасы тарапынан бірнеше рет қызметтік хат жіберілгеніне қарамастан, ол аяқталған суицид ретінде тіркеліп тұр екен. Ал Ұйғыр ауданында 4-сынып оқушысы ауласында ет жаятын бақанға байланған жіппен ойнап жүріп, абайсызда асылып қалған. Ата-анасының айтуы бойынша, ол жерде балалар жиі ойнайтын болған. Аталған ауданның тағы бір 4-сынып оқушысы ойнап жүріп, ауласындағы «ГАЗ-53» жүк көлігінің қорабына шыққанда аяғы тайып кетіп, көлік қорабында байланған жіпке ілініп, мойын тамырлары қысылып, тұншығып қайтыс болған. Осы екі дерек те аяқталған суицид ретінде тіркелген. Салтанат Беспаева Ұйғыр аудандық полиция басқармасына да қызметтік хат жіберілгенімен, ешқандай шара қабылданбағанын алға тартты. Сондай-ақ «Жанұя» отбасын қолдау орталығы бүгінгі күнде панасыз, қараусыз қалған балаларды анықтау мақсатында дағдарыс картасын әзірлегенін, білім басқармасы тарапынан психологиялық қолдау орталығы ашылғанын, ондағы барлық маман конкурс арқылы қызметке алынғанын және осы бағытта атқарылып жатқан басқа да жұмыстар жайын тілге тиек етті.
    Жиында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды, балаларды ерте анықтау және олардың құқықтарын қорғау бойынша құрылған мобильді топтардың жұмысы туралы да сөз болды. Бұл турасында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова баяндама жасап, отбасын қолдау орталықтары ашылмаған аудандарда мобильді топтардың жұмысы баяу жүріп жатқанын жасырмады. Осы орайда Ұйғыр, Балқаш, Кеген аудандары мен Алатау қаласы әкімдерінен отбасын қолдау орталықтарын ашуды жеделдетуді сұрап, барлық ауданда мобильді топтың жұмысын одан әрі жандандыру жайлы ұсынысын жеткізді.
    Бүгінде қоғамның ең өзекті мәселесінің бірі саналатын нашақорлықтың алдын алу, емдеуге бағытталған іс-шаралар жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы сөз қозғады. Оның айтуынша, былтыр есепке алынған жасөспірімдердің саны 20 пайызға артқан. Аудандық наркологиялық қызметтер деңгейінде есірткі заттарын қолданудың теріс салдары туралы оқушыларға ақпараттық-ағарту жұмысы жүргізіліп, педагогикалық құрамға дәріс оқылып, олармен есірткі заттарын қолдану диагностикасы мәселелері талқыланған. Алайда атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, статистикалық мәліметтер төмендемеген. Осыған орай басқарма басшысы нашақорлық, алкоголизм, психоактивті заттарды қолдану, лудомания, буллинг және өзіне зиян келтіру сияқты деструктивті мінез-құлықтармен күресу және олардың алдын алу үшін мектептер мен колледждерде нашақорлықтың зияны туралы тұрақты дәрістер оқып, семинарлар өткізуді, танымдық бейнематериалдар мен әлеуметтік жарнамаларды әзірлеп таратуды, ата-аналарға арналған тренингтер ұйымдастыруды, психологтардың жұмысын күшейтуді ұсынды.
    «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие және біліммен қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау турасында Салтанат Дауысбекқызы баяндады. Білім басқармасы басшысының сөзіне сүйенсек, 1168 мектепке дейінгі ұйымда 91 916 бала білім мен тәрбие алуда. Облыста күрделі болып отырған мәселе – мектепке дейінгі тәрбие беруге арналған жаңа орындар ашу. Былтыр қаржыландырудың болмауына байланысты жаңа орындар ашылмаған. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік білім беру тапсырысына бөлінген мақсатты қаржыны тиімді пайдалану және бөгде жандардың тіркелуіне жол бермеу мақсатында цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесіп, биометриялық жүйені енгізу жұмысы қолға алынған. Бұл жүйе енгізілгеннен кейін балабақша кезегінен 3 138 бала шығып қалған. Биыл 1000 орын ашуға қаражат бөлінген. Басқарма басшысы сөзінің соңында алдағы уақытта кемшіліктерді болдырмау мақсатындағы ұсынысын жеткізді.
    Комиссия отырысын облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков қорытындылады.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Экологиялық акция жалғасын тапты

    Экологиялық акция жалғасын тапты

    1 year ago
    Алматы облысының әкімі мерекеде сарбаздарды құттықтады

    Алматы облысының әкімі мерекеде сарбаздарды құттықтады

    2 years ago
    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    7 months ago
    Басты мақсат – халықтың әлеуетін арттыру

    Басты мақсат – халықтың әлеуетін арттыру

    5 months ago
    Үкіметте көкөніс бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

    Үкіметте көкөніс бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>