-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Рамазан айының талабы түсіндірілді

    26.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Рамазан айының талабы түсіндірілді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстың бас имамы Мадияр Пірімқұлов пен «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Талғат Сүлейменов барша мұсылман үмбеті асыға күтетін қасиетті Рамазан айындағы ауыз бекіту талаптары мен құлшылық амалдары туралы сөз етті.

    Алғашқы болып сөз алған өңіріміздің бас имамы Мадияр Тағайбайұлы:

    – Алла Тағала осы мүбәрәк айда ұстайтын оразамызды, жасайтын құлшылық-ғибадатымызды, оқитын тарауық намазымызды, барша қайырымды істерімізді сауапқа жазып, қабыл етсін! Ораза күндіз ішіп-жеуден өзін шектеу ғана ғана емес, ол – жан мен тәнді тазартатын, мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Аузы берік жандар әдеп білмес пенделердің өзіне жасаған кейбір оғаш іс-әрекеттерін көріп, тұрпайы сөздерін естісе де «Мен оразамын» деген бір ауыз сөзбен нәпсісіне тоқтау салып, сабыр қылады. Ал сабыр иесіне берілетін сый – жәннәт, – деп Рамазан айының қасиетін тізбелеп өтті.

    Мадияр Тағайбайұлы биылғы Рамазан айы 1 наурызда басталатынын, наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні қасиетті қадір түні екенін, 30-наурыз Ораза айт мерекесі екенін жеткізді. Пітір мөлшері 655 теңге болып белгіленгенін, ол екі келі ұнның орташа бағасымен есептелгенін айтты. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болатынын еске салды. Ислам дінінде бұйырылған белгілі бір құлшылықтың орнына төлем жасаудағы «Підия» садақасы жайлы да сөз етті. Туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті, асқазан жарасы, тыныс және жүрек демікпесі сынды ауруға шалдыққан науқастар және жасы үлкен егде адамдар ауыз бекітуге шамасы келмесе, ораза ұстамайтынын, оның орнына «Підия» беретінін алға тартты. «Підия» садақасының мөлшері 3520 теңге болып бекітілген.

    Өңірдің бас имамы биылғы Рамазан айында облыс тұрғындарын «Рамазан қоржыны», «Рамазан сыйы», «Рамазан тәттісі», «Жомарт жұма» сынды қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға, жергілікті кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын мүмкіндігінше жеңілдетуге шақырды. Сондай-ақ қасиетті айға тура келген құдайы асты  ауызашар уақытында өткізген абзал екенін айтып, қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну сауапты іс болатынын алға тартты. Баспасөз отырысын қорытындылаған Мадияр Тағайбайұлы қасиетті айда облысымызға қарасты 105 мешітте ауызашар берілетінін, «Қапшағай мешітінде «Рамазан шатыры» құрылып, күн сайын 130 кісіге дастарқан жайылатынын жеткізді.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Мұқағали мұрасын ардақтаған

    Мұқағали мұрасын ардақтаған

    9 months ago
    Алматы облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтіп жатыр

    Алматы облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтіп жатыр

    2 years ago
    Іс қағаздары қашан қазақшаланады?

    Іс қағаздары қашан қазақшаланады?

    6 months ago
    Жастарға жол ашатын ұлттық жоба

    Жастарға жол ашатын ұлттық жоба

    1 year ago
    Иппотерапия игілігі

    Иппотерапия игілігі

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.