-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    «Реквием» музыка тілінде

    08.02.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    «Реквием» музыка тілінде

    Фото: https://www.rumsdokz.org/

    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Шаң басқан архивтерді ақтарып отырып, Мұқағалидың шығармашылығына шынайы баға берген зиялы қауымның ойлы пікірлеріне көз саласыз. Мәселен, «Қазақ әдебиеті» газетінің 1979 жылғы 19 қаңтардағы санында Роллан Сейсенбаевтың «Реквием» музыка тілінде» деген мақаласы шыққан екен. Автор онда Мәскеуде тұратын белгілі композитор Евсей Евсеевтің Мұқағалидың «Реквием» поэмасы негізінде ораторий жазғанын және ақын жерлестері алдында одан үзінділер орындағанын айтыпты. Композитордың пікірін де қазақ оқырмандарына жеткізеді. Сол материалға ХХІ ғасырдың аясынан көз салып көрелік.

    «Евсей Евсеев өз толғанысын былай жеткізді:

    –Мұқағалидың «Реквиемі» бұл тек Моцарт туралы  және оның атақты «Реквиемі» жөнінде әңгіме-еске алу ғана емес. Бұл – өзіміз өмір сүріп отырған қазіргі қоғамымыз бен заманымыз жайындағы, оның қам-қарекеті мен мақсат-мүддесі, сондай-ақ ұмтылар биігі мен мазасыз қалып-күйі хақында жазылған поэма. Ақын жырында өмірден бұрын өткендердің бүгінгі тірілерге қайырыла үн қатып, оларды өмірді жаңғыртуға, жасампаздыққа, өнерпаздыққа, жақсылық пен қуанышқа шақыруы; жетім қалған жас ұланның өзіне аяушылық, мүсіркеушілік емес, достық, жанашырлық қолдау, бауырластық ынтымақ тілеуі. Бұл – халықтың өмірден мезгілсіз өткен атпал азаматына мәңгілік өшпес өмір сұраған азалы, арманды, қасиетті тілегі, дауысы.

    Менің ойымша, Мұқағали Мақатаев ғажап, шыншыл, өзіндік ой-пікірі айқын да анық, ешкімге ұқсамайтын бөлекше орны бар қазақ ақыны. Менің қатар құрбыларым үшін мұндай ақынның өмірден тым ерте өтуі – өте өкінішті! Оның өзім оқып шыққан қай шығармасы, өлең-жыры болсын аса зор әсер етіп, ойға қалдырғанын айтқым келеді. Мұқағалидың поэзиясы, шын мәнінде, адамның жан-жүрегін қозғап, ең нәзік сезім пернелерін шертіп, бүкіл өнебойыңды жайлап алатын, өте үлкен сезімталдық күшімен ерекшеленетін және жоғары көркемдік мәдениетімен баурап алатын құдіретті поэзия.

    Ал ақын творчествосы туралы аудармашы Михаил Курганцев не дейді? Оған да ден қойып көрелік:

    – Міне, екі жылдан бері қазақ поэзиясының тамаша шебері Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін орыс тіліне аударумен айналысып келемін. Оның «Реквиемі» – халықтық бастаудан мол нәр алған қазіргі қазақ әдебиетінің жарқын үлгісі, сонымен қатар адамзатты барлық кезеңдер мен дәуірлерде де ойландырып-толғандырған проблемаларды дүниежүзінің гуманистік мәдениетінің күллі тарихымен тығыз байланыстыра алған аса үздік көркем шығарма…

    «Реквиемді» орыс тіліне аудару үстінде мен поэманың лирикалық геройы басынан кешкен барлық сезім толқындарын, ойы мен мақсатын, арман аңсарын, күллі күйзелісі мен қал-ахуалын толық жеткізуге күш салдым. Сондай-ақ Мұқағали Мақатаев поэзиясы арқылы қазақ әдебиетінде өте жарқын, күшті де көрнекті жаңа бір дара тұлғалы ақын пайда болған екен-ау деп те айта аламын. Оның творчествосы біздің бойымызға қуаныш, мақтаныш, рухани күш-қуат құяды… – деді.»

    Роллан Сейсенбаев,

    көрнекті жазушы, драматург

    Ұсынымдар

    Қысылғанда көмек қолын созды

    Қысылғанда көмек қолын созды

    1 year ago
    Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!

    Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!

    10 months ago
    «Таза Қазақстан»: Қонаевта 7,6 гектар қамыс шабылды

    «Таза Қазақстан»: Қонаевта 7,6 гектар қамыс шабылды

    4 months ago
    Қоқыс тастағандар қыруар айыппұл арқаламақ

    Қоқыс тастағандар қыруар айыппұл арқаламақ

    1 year ago
    Жасыл қала: Қонаевта 70 мың гүл егілді

    Жасыл қала: Қонаевта 70 мың гүл егілді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>