-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Су тасқыны мен көшкін қаупі бар аймақтарды тексерді

    07.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Су тасқыны мен көшкін қаупі бар аймақтарды тексерді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев көктемгі су тасқыны мен көшкін қаупі жоғары аймақтарға жұмыс сапарымен барып, жағдайды көзбен көріп, бақылау жүргізді. Инспекция барысында ол бірқатар маңызды нысандарды аралап, жауапты тұлғалардың есептерін тыңдады.
    Ең алдымен, Іле ауданындағы Жармұханбет өзені бойындағы су басу қаупі бар аумаққа барды. Мұнда Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарының әкімдеріне су тасқынының алдын алу шараларын күшейтіп, инженерлік құрылыстардың дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.
    Одан кейін Талғар, Есік және Түрген өзендері бассейндеріндегі мореналық көлдерге әуе шолу жасалды. Әсіресе, қауіпсіздік шараларын күшейту мен жаңа бөгеттер салу қажеттілігі бар аймақтарға ерекше назар аударылды.
    «Халықтың қауіпсіздігі – басты міндет. Табиғи қауіп-қатерлерге жедел әрекет етіп, ықтимал тәуекелдерді барынша азайтуымыз қажет», – деп атап өтті облыс әкімі.
    Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны мен көшкіннің алдын алу және салдарын жою бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Қорғаныс құрылыстары күшейтіліп, мореналық көлдер бақылауға алынған. Барлық шұғыл қызметтер жоғары дайындық режиміне көшірілді. Жыл басынан бері 23,5 км өзен арналары түзетіліп, бекітілді, 16 тонна қалдық шығарылды, 5 қорғаныс бөгеті (7,9 км) салынды. Тасқындарға жедел әрекет ету үшін 1326 маман, 471 техника, 126 мотопомпа және 29 қайық жұмылдырылды. Қажетті материалдық қорлар дайындалған. Су басу қаупі жоғары 20 учаскенің 7-еуі толық қауіпсіздендіріліп, қалған 13-інде алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

    Ұсынымдар

    Халықтың қалтасын қағу

    Халықтың қалтасын қағу

    2 years ago
    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

    1 year ago
    Педагогтер жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті

    Педагогтер жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті

    3 months ago
    Полиция жұмысы жанданады

    Полиция жұмысы жанданады

    1 year ago
    ЖАС ҰРПАҚ  ЖҮРЕГІНЕ ТҰРАҚТАҒАН

    ЖАС ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНЕ ТҰРАҚТАҒАН

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>