-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Амал келді – жыл келді

    17.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Амал келді – жыл келді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Наурыз мерекесінің бастауы іспетті Амал – тектен-текке халқымыздың ежелгі мерекелерінің бірі  саналмайды. Өйткені бұл күн адамдар өте жайдары және бір-біріне ашық болып, өзара шынайы сыйластық және құрметпен қол алысып, айқара құшақ ашып, аман-саулықтың қадір-қасиетін, көктеммен бірге келетін барша игілікті сезінетін күн. Бұл ерекше дәстүр бүгінгі күні де лайықты жалғасын тауып, бүкіл ел көлемінде осынау көне мерекені дәріптеуге арналған салтанатты іс-шаралар өткізіліп келеді.

    Талғар ауданындағы Бесағаш ауылдық округінің Мәдениет үйінде «Амал келді, жыл келді» атты мерекелік шара өтті. Оның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Оразхан Қаспақбаев жиналған жұртты Амал мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

    – Ұзақ қыстан кейін бір-біріміздің есен-саулығымызды біліп, жақсылық тілеу – біздің ежелден келе жатқан ерекше дәстүріміз. Бұл күні адамдар туысқандарымен және жақындарымен кездеседі, жастар үлкендердің батасын алады. Біздің халқымыз осындай әдет-ғұрыптар арқылы өскелең ұрпаққа ежелден достық пен мейірімділік, бауырмалдық пен қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерді дарытты. Қазіргі Қазақстанда да мұның бәрі «Адал азамат» тұжырымдамасында толық көрінісін тапты. Бүгінде Наурыз мерекесінің алдындағы көрісу дәстүрі жалпыұлттық сипатқа ие болып, қайта жаңғыруда. Ол халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға үлкен септігін тигізетініне ешқандай күмән жоқ.  Әр үйде бақыт пен қуаныш болсын! Баршаңызға денсаулық пен бақ-береке тілеймін! – деді аудан басшысының орынбасары.

    Мерекелік шара кезінде аудан ақсақалдары, өңірді мекен еткен түрлі этнос өкілдері де сөз алып,  аудан тұрғындарын  көктемнің келуімен құттықтады, ізгі тілектерін білдірді. Олардың көбі әсіресе жастарды ата-баба дәстүрлерін сақтап, құрметтеуге және меймандос, қонақжай болуға шақырды. Өмірдің талай қиындықтарын көріп, оларды асқан төзімділік, еселі еңбекпен жеңген ата-әжелер қол алысып және құшақтасып көрісіп, аман-саулық сұрау, елімізге, жерімізге, халқымызға ізгі тілектер тілеу көріністерін көрсетті.  Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып,  түрлі ұлт өкілдері өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, оларда жаңа туған нәрестені бесікке салу, «Бесік жыры»  орындалып, баланың бесікте тынышталу сәті, аяғы шыға бастаған баланың тұсауын кесу сияқты ұлттық дәстүрлеріміз сәулеленді.  Шара жалпыкөпшіліктің орындауындағы «Қара жорға» биімен аяқталды.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Ұсынымдар

    Шаруаларды қолдау жалғасады

    Шаруаларды қолдау жалғасады

    2 months ago
    Әкемнің өнегесі рухани қазынама айналды

    Әкемнің өнегесі рухани қазынама айналды

    9 months ago
    Президент Алматы облысындағы әскери оқу-жаттығу жиынына барды

    Президент Алматы облысындағы әскери оқу-жаттығу жиынына барды

    2 years ago
    Азияны мойындатты

    Азияны мойындатты

    12 months ago
    Алғыс арқалады

    Алғыс арқалады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>