☀️
6°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аңшылық маусымы ашылды

    06.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Аңшылық маусымы ашылды
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

          Көктем – табиғаттың жаңару кезеңі, аң-құстардың көбейіп, тіршіліктің жандана түсетін шағы. Бұл мезгілдегі аңшылық­тың да өз ерекшелігі бар. Қазақстанда көктемгі аңшылық негізінен суда жүзетін құстарға, әсіресе үйрек пен қазға жүргізіледі. Көктемгі аңшылық күзгі түрінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл маусымда аңшылық уақыты шек­теулі және белгілі бір ережеге бағынады.

    Осы орайда Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 26 ақпандағы бұйрығының негізінде облыс аумағында көктемгі аңшылық маусымы ашылғанын хабарлаймыз. Мұндағы негізгі мақсат – табиғи тепе-теңдікті сақтау, құстардың көбеюіне мүмкіндік беру. Сондықтан көктемгі аңшылық тек белгілі бір мерзімде және арнайы рұқсатпен жүргізіледі.
    Елімізде көктемгі аңшылыққа қатысты қатаң ережелер бар. Ереже бойынша тек белгіленген бір уақыт аралығында ғана аң аулауға рұқсат етіледі. Қызыл кітапқа енген немесе сирек кездесетін құстарды аулауға тыйым салынады. Рұқсатсыз немесе заңсыз аңшылық жасағандарға айыппұл жазылады. Осыған байланысты тиісті мекемелер тарапынан аңшылық маусымының мерзімі мен ережелері үнемі қадағаланып отырады.
    Аңшылық жасау, аңға шығу – халқы­мыздың ежелден келе жатқан кәсібі әрі дәстүрімізге де кеңінен еніп кеткен. Дегенмен аңшылықты табиғатқа зиян келтірмей, заң аясында жүргізу – әрбір адам баласының ортақ міндеті!

    Нұрлан ОРМАНБЕКОВ,
    Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы

    Ұсынымдар

    Кеңесіп пішкен тон келте болмайды

    Кеңесіп пішкен тон келте болмайды

    5 months ago
    Сот тірегі – заң

    Сот тірегі – заң

    2 years ago
    ХҚКО мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсетеді

    ХҚКО наурыздағы мерекелерде қалай жұмыс істейді?

    2 years ago
    Ұлт болашағы – ұлттық тәрбиеде!

    Ұлт болашағы – ұлттық тәрбиеде!

    1 week ago
    Ғылымға құрылған қоғам құру – уақыт талабы

    ҒЫЛЫМДЫ ҚОЛДАУ – НЕГІЗГІ БАҒЫТ

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>