-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Қазақ детективінің дарабозы

    20.03.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Қазақ детективінің дарабозы
    0
    SHARES
    40
    VIEWS

    Республика жұртшылығы әз Наурыз мерекесіне қызу дайындалып жатқан кезде ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті 19 ақпанда бастау алып, өзінің шырқау шегіне жақындап қалған «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына – 80 игі шара» атты акциясының аясында, Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы орта мектебіне арнайы ат басын тіреді. Соғыс алапатын басынан кешіріп, туған жеріне жеңіспен оралған қазақ детективінің атасы К.Тоқаевты ұлықтауға арналған шараны аталған департамент «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды.

    Көрнекті жазушы К.Тоқаев атындағы орта білім шағырағында өткен іс-шараға «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымы Президиумының төрағасы генерал-лейтенант Б.Сәрсеков, ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Ә.Каюпов, еліміздегі Журналистика академиясының академигі – Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының кеңесшісі Н.Нұрғазин, шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының төрағасы запастағы полковник А.Мұналбаев қатысты. Сонымен қатар, жиынға тартылғандардың қатарында департаменттің Сержанттарды даярлау мектебінде кәсіби біліктіліктерін көтеру курсынан өтіп жатқан әскери қызметшілермен бірге «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері болды.

    Алдымен жазушы атындағы мектептің мәжіліс залында өткен алқалы жиынға жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген департамент бастығы Әлібек Каюпов «Кемел Тоқаев – жазушы ғана емес, батыр, әділеттілік пен адалдықтың символы. Оның өмірі мен шығармашылығы – қайсарлықтың, отансүйгіштіктің және туған жерге деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі» деп атап өтті.

    Оқырманға детектив жанрының дарабозы ретінде танымал қаламгердің соғыс тақырыбындағы көлемді туындысының бірі – «Солдат соғысқа кетті» романы екені белгілі. Өйткені, қанға бөккен шайқас алаңы жан-жақты суреттеліп, арасында солдат күнделігімен әрленіп отыратын кітапты бойың шымырқанбай оқу мүмкін емес. Жазушының «Жұлдызды жорық», «Қыс қарлығашы», «Болашақ туралы ойлар», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма», «Сарғабанда болған оқиға», «Таңбалы ақын» повестері мен «Соңғы соққы» және «Солдат соғысқа кетті», «Ұясынан безген құс» атты романдары қаламгер шығармашылығының шынайылығын айғақтай түседі…

    … Мектептің мәжіліс залында өткен алқалы жиыннан кейін мектеп музейінің табалдырығынан аттаған қонақтар К. Тоқаевтың «Түнде атылған оқ» шығармашылығы бойынша сахналанған қойылымды тамашалады. Бұдан әрі мектеп оқушылары жиынға қатысушылар үшін адалдық пен парасат суреткерінің шығармаларына негізделген «Жазушы әлеміне саяхат» атты зияткерлік ойын ұйымдастырды.

    Бүгінгі маңызды шараның тағы бір ерекшелігі, жиналған қауым жазушының кабинет-мұражайында болды. Мұнда оның шығармалары, тұтынған жеке заттары қойылған.

    Шара соңында «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы генерал-лейтенант Б.Сәрсеков пен департамент бастығы Ә.Каюпов бастаған мәртебелі қонақтар К.Тоқаев аллеясына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұдан бөлек, Әлібек Амангелдіұлы мұражайға департамент атынан шекарашылардың ел шебіндегі қызметі бейнеленген картинаны сыйға тартты.

    Міне, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты ұйымдастырылған шара өз мәресіне жетті. Ең бастысы, біздің шекарашылар биыл 102 жасқа толатын Кемел аталары сияқты көрнекті қаламгерден үлгі алып, ел тыныштығы үшін қызмет ететін отансүйгіш азамат болуға талпынады деген сенімдеміз.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Заманауи емхана ашылды

    12 months ago
    Орта Азияда бетон діңгек шығаратын бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан

    Орта Азияда бетон діңгек шығаратын бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан

    2 years ago
    Татамидегі тартыс

    Татамидегі тартыс

    6 months ago
    Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

    Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

    4 months ago
    Қауіпсіздік – басты назарда

    Қауіпсіздік – басты назарда

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>