-13 °c
Qonaev
Monday, April 21, 2025

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі

    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Қазақстанда бизнестің кредиттеріне кепілдік беретін 2 қор құрылатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.

    «Шағын және орта бизнес үшін кредиттерге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау көлемі ұлғаяды. Биылдың өзінде 1,7 трлн теңге сомасына 30 мыңға жуық ШОБ жобасына қолдау көрсетіледі»,  — деді Серік Жұманғарин.

    Сонымен қатар елімізде ірі бизнестің кредиттеріне кепілдік беру үшін жаңа қор құрылатын болады. Ірі бизнеске арналған кепілдік қоры ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

    Ұсынымдар