🌧️
13°C
Қонаев
Жексенбі, Қазан 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Лайықты бағасын алса…

    06.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Лайықты бағасын алса…
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

          1999 жылы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылындағы балалар үйінде 3 жасқа дейінгі 119 сәби денсаулығына байланысты ауыр халде болған еді. Сол кездегі Жамбыл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы болған Зинаш Көштекова жағдайды өз көзімен көрген кез­де есінен танып қала жаздап, өлім аузында жатқан балаларға көмекке ұмтылады. Ол дереу Алматы қаласындағы Тамақтану академия­­сының басшысы Төрегелді Шармановқа хабарласып, 119 бала­ны аман алып қалудың қамына кірісіп кетеді.

    Барлығының ойын «Не істеу керек?» деген сұрақ мазалаған тұста Зинаштың есіне Қарағанды медицина университетінде оқыған кездегі ұстазы­ның бір кеңесі түседі. Кейіннен Израильге қоныс аударған ұстазы: «Үш жасқа дейінгі балалар қатты ауырып, тұра алмай қалған жағдайда оларда ана сүті жетіспейді. Оны ауыстыратын тек қана соя сүті. Соя сүтінің құрамы ана сүтімен бірдей, кейбір жағдайларда одан да асып түседі», – деген екен. Осыны Зинаш академик Төрегелді Шармановқа айтады. Ол Зинаштың ұсынысын қолдайды. Сонымен, жедел түрде соя сүтін өңдеп шығарып, балаларға бере бастайды. Бір айдың шамасында олардың беті бері қарап, өңдері кіріп, оңала бастайды. Өкінішке қарай, 22 баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Жарты жылдың ішінде көрер жарығы бар 97 бала аяғынан тік тұрады. Бұған академик Төрегелді Шарманов пен Зинаш Көштекованың және балалар үйі директорының ерлікке бергісіз ісінің арқасында қол жетті.
    Зинаш Көпжасарқызы 2003 жылы Америкада соя сүтінің пайдасы жайлы диссертация қорғап, профессорлық атағын алды. Қазірде Орта Азия бойынша ана сүтімен тең соя сүтін өндіруге күш салып жүр. Балқаш, Кеген, Нарынқол, Жамбыл аудандарында басшылық қызметтерде болған, осы өңірлердің Құрметті азаматы атанған қоғам қайраткері, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, бірнеше медаль иегері атанды. Ол жөнінде деректі фильм түсірілді. Онда Зинаштың еңбек жолы, 97 сәбиді аман алып қалғаны туралы ерлігі, ғылым жолындағы және өндірістегі еңбегі көрсетілген.
    Алтын жүректі жанның осынау ерлігі – кейінгі өскелең ұрпаққа, әсіресе жас аналар мен қыз-келіншектерге үлкен тәрбиелік мәні зор іс. Осы орайда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Зинаш Көпжасарқызы қызмет атқарған аудандарда кездесулер ұйымдастырылса деген ұсыныс айтар едім. Одан бері қаншама жыл өтсе де, қазақ қызының сол кездегі жанкештілігі халық жадынан өшпейді. 97 баланы аман алып қалғаны үшін жоғары наградаға ұсынылса, нұр үстіне нұр болар еді. Есімі алтын әріптермен жазылуға тиіс Зинаш Көштекова «Алтын жұлдызға», ал сол кезіндегі Қарақастек ауылындағы балалар үйінің басшысы мен тәрбиешілері болған жандар түрлі марапаттарға лайық деп есептеймін. «Ештен кеш жақсы» демекші, жасаған ісі ерлікпен пара-пар азаматтардың еңбегі еленіп, лайықты бағаланса екен деймін.

    Бақтығали АЙЖІГІТОВ,
    жазушы, қоғам қайраткері

    Ұсынымдар

    Президенттің Қытайға сапарында ондаған құжатқа қол қойылды

    Президенттің Қытайға сапарында ондаған құжатқа қол қойылды

    2 years ago
    522 нысанда өрт қауіпсіздігі тексерілді

    522 нысанда өрт қауіпсіздігі тексерілді

    2 years ago
    Іле ауданында өнеркәсіп аймағындағы өрт оқшауланды

    Іле ауданында өнеркәсіп аймағындағы өрт оқшауланды

    2 years ago
    4 мың тұрғыны бар ауылға газ тартылды

    4 мың тұрғыны бар ауылға газ тартылды

    10 months ago
    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    АЭС салынатын орын таңдалды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>