-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық киімді ұлықтады

    18.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    “Ұлттық киім тігуден шабыт аламын”

    Фото: anyq.kz

    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қонаев қаласында орналасқан Алматы облыстық филиалы Наурыз мерекесін тойлаудың онкүндік бағдарламасының «Ұлттық киімді ұлықтау» бағыты бойынша мерекелік шара ұйымдастырды. Жиынды филиал төрағасы Әсет Мұстафин құттықтау сөз сөйлеп ашты. Төраға орынбасары Алмас Сейдахметов те жүрекжарды лебізін жеткізді.

    Халқымыздың ұлттық киім үлгілері музейлік экспонат түрінен құтылып, бүгінгі таңда заманауи сән үлгісіне лайықталып тігіліп, кең қолданысқа ие бола бастағаны көңіл қуантады. Бұған редакциямызға көршілес орналасқан ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы қызметкерлерін күнделікті көрген кезде де, қала көшелерінде жүрген жұртшылықтың киінгенінен де аңғарып, көз жеткізіп жүрміз. Банк филиалының Наурыз мерекесінің онкүндік бағдарламасынан дәл осы «Ұлттық киімді ұлықтау» бағытын таңдап алуы да кездейсоқтық емес.

    Мерекелік шарада басшылардың құттықтау сөзінен кейін сценарий бойынша Үш жүздің билері бата берді. «Көрісу» амалы жасалып, жиналғандар наурызкөжеден дәм татты.

    Банк филиалының бас маманы Дастан Қонбаев ұйымдастырылып отырған шара жөнінде:

    – Ұлттық банк қызметкерлері Наурыз мейрамына арналған онкүндік бағдарлама аясында ән шырқап, топтарға бөліне отырып көріністер қою, дастарқан жайып, наурызкөже мен бауырсақ пісіру, қара жорға биін билеу және ерлер арасында асық атудан сайыс өткізу сияқты ұлттық құндылықтарды паш етеді. Көрісу күнінде ұлттық киімдерімізді дәріптеуге көңіл бөліп отырмыз. Яғни оның терең тарихы бар екенін жастарға, келер ұрпаққа үлгі ретінде көрсету, күнделікті қолданысқа енгізу. Заманға сай тігіліп, халыққа ұсынылып жатқан киімдеріміз көп әрі стильдік тұрғыдан өте әдемі. Міне, соны насихаттау – іс-шарамызда көзделіп отырған мақсатымыздің бірегейі. Кешегі Ұлттық құрылтайда Президентіміз: «Қара жамылмай, өзіміздің ұлттық киімімізді дәріптеңіздер және популяция жасаңыздар», – деп атап айтты. Ұлттық банк қызметкерлері де сол айтылғандарды қолдайды. Әр ұлттың өзіндік мәдени ерекшелігі, салт-санасы, ұлттық киімдері бар. Қазақтың ұлттық киімі – тарихтың көзі. Қазақылығымыздың қаймағын бұзбай, салт-дәстүрді ұлықтау – бізге жүктелген үлкен аманат, – деп пікір білдірді.

    Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шараны банк қызметкері, ақсақал рөліндегі Тимур Нұрланұлы: «Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлыс оң, ақ мол болсын! Әумин!» –  деген ақ батасымен түйіндеді.

    Бейбіт МЕКЕЕВ,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    АЙНЫМАС ДОС, ТАРЛАН ТАЛАНТ ЕДІ

    АЙНЫМАС ДОС, ТАРЛАН ТАЛАНТ ЕДІ

    2 months ago
    Алматы облысында ұстаздарға қолдау жоғары

    Алматы облысында ұстаздарға қолдау жоғары

    8 months ago
    Бір мезетте екі орталық ашылды

    Бір мезетте екі орталық ашылды

    2 weeks ago
    Емханаға тіркелу тәртібін білесіз бе?

    Емханаға тіркелу тәртібін білесіз бе?

    2 years ago
    Садақ атудан жасөспірімдер турнирі өтті

    Садақ атудан жасөспірімдер турнирі өтті

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>