-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Жасанды интеллект әліппесі

    15.03.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Жасанды интеллект әліппесі
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

         Алғаш ана тілімізде жазылған «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті. Кітаптың таныстырылымына халықаралық сарапшылар, зиялы қауым өкілдері мен технология саласының мамандары қатысты.

    Алматы қаласындағы «Smart Point» ғимаратында өткен шарада Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Түркі дүниесі Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, белгілі медиа-менеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жалауқызы, әдебиеттанушы-ғалым Мамай Ахетов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай, сондай-ақ іс-шараға онлайн қосылған шетелдік сарапшылар жылы лебіздерін білдірді.
    Кітап авторы – ЖИ саласын бірнеше жылдан бері зерттеп келе жатқан білікті маман Мейіржан Әуелханұлы. Ол жиналған қауымға кітапты жазуға не түрткі болғаны, қандай қиындықтар­ға тап болғаны туралы баяндады. Тұсаукесерден кейін автор оқырмандар сұрағына жауап берді. Онда ұлттық және ақпараттық қауіпсіздік, отандық ЖИ әлеуеті, кітап жазу үрдісі, сондай-ақ ЖИ саласындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктер секілді түрлі тақырыптар қамтылды.
    Мейіржан Әуелханұлының «Жасанды интеллект әліппесі» деп аталатын бұл еңбегі 1000 дана таралыммен «Al‑HuB publishing» баспасынан шыққан. Автордың айтуынша, кітаптың таралымын арттыру жоспарда бар.
    – Жыл соңына дейін 25-30 мың данамен шығарсақ деген ойдамыз. Кітаптың алдыңғы 100 бетінде жасанды интеллект деген не, жасанды интеллект этикасы, жасанды интеллектпен бірге келген әртүрлі мәселелер қамтылған. Өздеріңіз білесіздер, жасанды интел­лектінің өмірге келуімен жалған ақпарат та көп тарай бастады. Сол жалғанды қалай ажыратамыз және жасанды интеллектінің болашағы қандай болады? Жасанды интеллект туралы заңдар қалай қабылдануы керек деген ұғымдар қарастырылған. Кейінгі екі жүз беті – жиырма жеті салаға арналған промпттар. Бұл еңбектің мақсаты – жалпы қазақ тіліндегі оқырманға жасанды интеллект ұғымын ІТ саласының тілінде емес, ғылым тілінде емес, қарапайым тілде түсіндіру, – деді Мейіржан Әуелханұлы.
    Шара барысында TurkAI – түркі мемлекеттерінің жасанды интеллек­т­шілер қауымдастығының құрылғаны хабарланды. Салалық «AI-hub» компаниясы мен Аi-hub.kz сайты таныс­тырылды.
    «AI-hub» компаниясының негізін қалаушы Ержанар Әшейхан қазақ аудиториясы цифрлық дамудан қалыс қалмауы үшін ауқымды стратегия әзірленгенін мәлімдеді. Компания жасанды интеллект, IT, киберқауіпсіз­дік және цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған. «AI-Hub Publishing» баспасы бұл кітапты жарыққа шығарып, алдағы уақытта жаратылыстану, IT және жасанды интеллектке қатысты әлемдік еңбектерді қазақ тіліне аударуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жасанды интеллект терминдерін қалыптастыру және энциклопедия әзірлеу бастамасы көтерілді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Елтаңбадан еркіндік нышаны сезілсе

    Елтаңба санада жатталуы керек

    1 year ago
    Әр дауыс маңызды

    Әр дауыс маңызды

    11 months ago
    Қонаев қаласында 30 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады

    ОСК: Дауыс берушілердің 57.68 пайызы таңдау жасады

    11 months ago
    Жаңа банкнот айналымға шығады

    Жаңа банкнот айналымға шығады

    6 months ago
    Ала доп аламаны

    Ала доп аламаны

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>