-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әлем кубогынан күміс жүлдемен оралды

    29.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт, Төтенше жағдай
    Әлем кубогынан күміс жүлдемен оралды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Өзбекстанда 20-дан астам елден 700-ге жуық спортшы қатысқан әлем чемпионаты өтуде.

    Олардың арасында Алматы облысы Кеген ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Қадыр Дәурен гір тасын көтеру бәсекесінде ересектер арасында 68 салмақта ІІ орын иеленіп, күміс медальді қанжығасына байлады. Қазақстан республикасының спорт шебері негізі бұл сайысқа толыққанды дайындықпен барғанын, жеңіске қол жеткізу кезінде 2 ұпай жетпей қалғанын айтады. 21 жастағы спортшы бұған дейінде Қырғыз елінде 25 елдің 800-ден астам спортшысы қатысқан әлем чемпионатында осы спорт түрінен күміс жүлдеге ие болған. 4 жылдан бері республикалық, облыстық жарыстарға қатысып келе жатқан жеңімпаз сайыстардан жүлделі орынсыз оралмаған. Айта кету керек, жас спортшы қазақ күресімен шұғылданып, Қазақстан біріншілігінің қола медалін иемденген. Мәлік Ғабдуллин академиясында өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша білім алып, оны үздік бітірген түлек ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың қолынан алғашқы арнайы лейтенант шенін алған. Алдағы уақытта осындай әлемдік аренадағы байрақты бәйгелерде өз намысын бермей, жүлдегер атанатынына сенімді.

    Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Маймыл шешегі қалай жұғады – дәрігер жауабы

    Маймыл шешегі қалай жұғады – дәрігер жауабы

    9 months ago
    Кітапхана филиалы ашылды

    Кітапхана филиалы ашылды

    3 months ago
    Аграрлық сала айрықша назарда

    Аграрлық сала айрықша назарда

    10 months ago
    Тәжірибе алаңы

    Тәжірибе алаңы

    4 days ago
    Болмысы бөлек, қағысы ерек

    Болмысы бөлек, қағысы ерек

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.