-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АУЫЛДЫҢ ГҮЛДЕНУІ – ЕЛДІҢ ГҮЛДЕНУІ

    05.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    АУЫЛДЫҢ ГҮЛДЕНУІ – ЕЛДІҢ ГҮЛДЕНУІ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Биыл «Ауыл» партиясының құ­рыл­ғанына 25 жыл толып отыр. Осы­ған орай партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Мерейтойлық жиынға партия ардагерлері, аудандық филиал төра­ға­лары, саяси партиялар мен қоғам­­дық бірлестіктердің өкілдері қатыс­ты. Басқосуды облыстық филиал төрағасы Қанат Бекеев жүргізді.

    Алғашқы сөз кезегін алған өңірлік партия филиалы Жастар қанатының төрағасы Мұхаммед Хамит ширек ғасырда атқарылған жұмыстар мен жетістіктер жайлы сөз қозғады.
    – Партия құрылған күннен бастап ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартуға, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға күш салып келеді. Ширек ғасыр ішінде еліміздегі жетекші саяси партияның біріне айналды. 2023 жылы өткен Парламент Мәжілісінің сайлауында партиялық тізім бойынша екінші орынды иеленіп, 8 депутат мандатқа ие болды. Партия төрағасы Серік Егізбаев Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетін басқаруда. Былтыр партия съезінде қабылданған «Гүлденсе ауыл, гүлденеді еліміз» атты жаңа саяси бағдарлама ауылдың дамуын тұрақты қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, ауыл шаруашылығы саласын қолдау мен мәдени дәстүрлерді сақтауды көздейді. Біздің мақсатымыз экономикалық тұрақтылық, әлеуметтік теңдік және білім беру мен оқыту атты 3 қағидаға негізделген. Жастар – өзгерістердің қозғаушы күші. Біз жастардың ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бастамаларын әрдайым қолдаймыз. Осы мақсатта жастарға білім беру бағдарламалары жасалуда, – деді ол.
    Баяндамашының айтуынша, облыстық филиал тарапынан 25 бастауыш ұйым құрылып, партия қатарына 6 мың адам қабылданып, 5 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылған. «Батамен ел көгерер», «Ауыл нақыштары», «Аграрлы Қазақстан», «Ауыл – ел бесігі» және басқа жобалар жүзеге асырылуда. Филиал жанынан құрылған «Мейірім құшағы» және «Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау» комиссиялары психологиялық тренингтер өткізіп, халықтың осал тобына көмек көрсетуде. Партия атынан 3 облыстық және 11 аудандық мәслихат депутаты сайланған.
    Партия тарихынан сыр шерткен Қонаев қалалық филиалының төрағасы Базарбай Оралбаев саяси ұйымның өсіп-өркендеуіне өз уақытында өлшеусіз үлес қосып, өткен мен бүгіннің арасында алтын көпір болған қазіргі ардагерлердің үлгі-өнегесі кейінгі буынға бағдар болатынын айта келе, жастарға сенім артатынын жеткізді.
    Келесі кезекте облыстық мәслихаттың бас инспекторы Айдын Қалқаұлы партияның 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, филиал ұжымына мәслихат төрағасының Құрмет грамотасын табыс етті. Сонымен бірге «Ақ жол» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сергей Горяной, «AMANAT» партиясының өкілі Ілияс Ғалымжанұлы, «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының облыстағы өкілдігінің жетекшісі Мадияр Қожахметов, облыстық «Жастар» ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешев ел игілігі жолында бірлесе жұмыс істеп, ортақ мүдде үшін ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін айта келе, «Ауыл» партиясының облыстық филиалы ұжымына сый-сияпаттарын табыстады. Сондай-ақ партия ардагері, Қонаев қаласының Құрметті азаматы Тұрысбек Доспанбетовке 70 жасқа толуына байланысты партия филиалы ұжымының тарту-таралғысы берілді.
    Партия атынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Жанат Алтынғадасұлы қазақ пен ауылдың егіз ұғым екенін, партияның ауыл жұртшылығының мұң-мұқтажын билікке жеткізіп жүргенін және ата жолымен жүріп келе жатқанын, филиалдардың отырысында кез келген тұрғынның ұсыныс-пікірін білдіре алатын ерекшелігін атап өтті. Сонымен қатар аудандық филиал төрағалары ауылдың дамуы, халықтың әл-ауқаты мен аграрлық саланың өркендеуі үшін атқарылған істерді саралап, үгіт-насихат және тағы басқа партияішілік жұмыстар жайына тоқталды.
    Келелі жиынды қорытындылаған Қанат Бекеев партияның ауылдың дамуына, фермерлердің, ауыл кәсіпкерлерінің және жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдап келе жатқанын, бүгінгі отырыста айтылған ұсыныс-пікірлердің болашақты бағдарлауға септігі тиетінін жеткізді. «Ауыл» партиясының облыстық филиалының, мәслихат депутаттарының, Жастар қанатының ортақ мақсаты ауылдың гүлденуі үшін аянбай еңбек ету екенін қадап айтты.
    Саяси кеңестің кеңейтілген отырысының соңында «Ауыл» партиясының «Батамен ел көгерер» байқауының бірнеше дүркін жүлдегері Бақытжан Атагелдиев ақ батасын берді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Жас ақындар айтысы мәресіне жетті

    Жас ақындар айтысы мәресіне жетті

    2 years ago
    Талап күшейеді

    Талап күшейеді

    10 months ago
    Қонаев қаласында құқық қорғау органдары жаттығу өткізіп жатыр

    Қонаев қаласында құқық қорғау органдары жаттығу өткізіп жатыр

    2 years ago
    Таза Қазақстан – таза аймақ

    Таза Қазақстан – таза аймақ

    1 year ago
    “Ел бірлігі қиын күндерде айқын көрінді”

    “Ел бірлігі қиын күндерде айқын көрінді”

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.