-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бөден қалай ақын болды?

    01.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Бөден қалай ақын болды?
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Осыдан жиырма жыл бұрын белгілі сахна шебері, республикалық «Қазақконцерт» шығармашылық бірлестігі бас директорының орынбасары, яғни «мөрін басары» болған Глазбай Алшынбаевтан (Оспанханша айтқанда, «Көзбайдан») сұхбат алып, бірнеше сауалды «саумалдай сауып» дидарласқан едім. Сонда әзіл сөздің текеметін тілетін Глазбай Осағаңның он қыры жайлы айта келіп: «Мен Осағаңды он қырынан танимын. Осағаң – білермен, Осағаң – күлермен, Осағаң – дайын әртіс, Осағаң – сатирик жазушы, Осағаң – оспадарларға көр қазушы, Осағаң – әңгүдіктер мен әумесерлерді мақтамен бауыздайтын, жемқорлар мен жебірлерді фельетонымен тізгіндеп, «ауыздықтайтын» қарымды қаламгер еді», – деп, ұзын сөздің қысқасымен қысқаша баға берген еді.
    Глазбай Алшынбаев Оспанханның «Әртіс бөлісу», «Әусек пен Сәусек», «Танкіге пышақ салуға бола ма?», «Түрлі-түсті телевизор», «Қатиматика», «Бұрынғы қыз бен бүгінгі қыз», тағы басқа да ішек-сілеңді қатыратын дүниелерін сахнада шебер орындап, жұртты қыран-топан күлкіге қарық қылатын. Біз бүгін түріктің атақты сатиригі Әзиз Несиннің Алматыдағы інісі атанған сатира саңлағы, марқұм Оспанхан Әубәкіровтің әзіл-оспағын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

    Бөден ол кезде облыстық газетте корректор болып істейтін. Бірден редак­ция­ның аппаратына алып, әдебиет бөліміне жегіп қоюға жарарлық таланты да бар еді, орын болмай, уақытша типографияға «тігіп» қойған.
    Кей кездері әдебиет бөлімінде көркемсөзді таразылап отырған «билер­ге» жаңа жазылған өлеңінің кіндігін кестіріп алуға келеді. Онысы мұндағы ақындарға ұнамайды. «Айтылып жүрген ой, жауыр болған ұйқас, тақырып» деген секілді айып тағылып, Бөден ағасына қайтарылады. Ал әлгі ақылшылардың өлеңі болса, күнде шығып жатады – қырып тұрған ештеңесі жоқ.
    Бір күні баспаханада газет шығарып жүріп Бөденге бір ақылды ой келеді. Дереу телефонға жүгірді. Саусақтары селкілдеп редактор үйінің телефонын теріп жатыр.
    – Алло, Әбеке, мен ғой, Бөден, мына газеттің үшінші бетінде орын қалып, елу жолдық хабар таба алмай жатырмын.
    – Шырағым-ау, мен үйде мақала байлап отыр дейсің бе? Запаста не бар екен өзі?
    – Запасыңызда кілең көлдей материал.
    – Енді не істейік? Газетті қуыс қалдырып қалай шығарасың? Елу жолдық ештеңе жоқ па?
    – Әрине, бір жүз жолдық өлеңім бар еді, – дейді Бөден өзінше «қажет ашып».
    – Не жайлы еді өлеңің? – дейді редактор. Дауысында қуаныш реңі бар.
    – Туған жер, екіншісі – шешем жайлы.
    – Ендеше, туған жеріңді қоя тұр да, шешең жайлы өлеңіңді сал, – дейді редактор қуанып.
    – Жақсы аға, сүйтемін онда, – дейді Бөден де мәз болып.
    Сонымен ертесінде газеттің үшінші бетінде Бөденнің «Анама» деген өлеңі жарқ ете қалды.
    Арада ай аралатып, ұмыттырып барып Бөден жарым түнде редактордың орынбасарына телефон соғады.
    – Аға, мен ғой Бөден.
    – Иә, жайшылық па?
    – Жүз жолдық материал таба алмай, газеттің үшінші бетінде қуыс қалып тұрғаны. Не істеймін?
    Бұл кісі де қиналды.
    – Шырағым-ау, есің дұрыс па? Менің қалтамда материал жүр деп ойлайсың ба? Запаста не бар екен?
    – Дым жоқ…
    – Енді қайттік?
    – Менің бір өлеңім бар еді.
    – Не деген өлең?
    – Отан, туған жер туралы өлең ғой.
    – Отан деген өлеңіңді ертең оқып көрерміз, туған жер жайлы өлеңің болса сал, енді өлеміз бе?
    – Сөйтпесек, басқа дайын ештеңе жоқ, – дейді Бөден қуана.
    Ертеңіне кеңседе шаң-шұң болып жатқаны. Бөденнің онда жұмысы жоқ, газетте баданадай әріптермен басылған «Туған жері» тұрды.
    Міне, Бөден осылай ақын болып алды.

    Осағаңның әзіл-оспағын әспеттеген
    Нұртан ТӨЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ

    Ұсынымдар

    Азаттық шежіресінің алтын қатпары

    Азаттық шежіресінің алтын қатпары

    11 months ago
    Қонаевта «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық жұмыстар қарқын алды

    Қонаевта «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық жұмыстар қарқын алды

    1 month ago
    Жалғамыстың жолы қашан жөнделеді?

    Жалғамыстың жолы қашан жөнделеді?

    2 years ago
    Алтайдан ұшқан Ақсұңқар

    Алтайдан ұшқан Ақсұңқар

    3 months ago
    Дәрігерлер өңешіне сүйек қадалған әйелді құтқарды

    Дәрігерлер өңешіне сүйек қадалған әйелді құтқарды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>