-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Мереке

    Әрқашан күн сөнбесін

    03.06.2024
    in Мереке
    Әрқашан күн сөнбесін
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Жаздың бірінші күні – балалар үшін үлкен қуаныш. Оқуды ойдағыдай аяқтап, үш ай демалыстың басын олар мерекемен бастайды. «Берсең, балаға бер» демекші, ұл-қыздарымыздың бақытын еселеп, Еңбекшіқазақ ауданында «Халықаралық балаларды қорғау күні» базарлық пен тосынсыйға толы болды.

    Алдымен аудандағы барлық балабақша мен мектеп қабырғаларында «Әрқашан күн сөнбесін», «Көңілді балалық шақ» тақырыптарымен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның аясында өткен спорттық сайыс пен өнер байқауларында балалар бағын сынап, түрлі сыйлық, дипломмен марапатталды.

    62 мектеп пен техникалық-шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталықтарының жанынан жазғы алаңдар мен күндізгі лагерлер ашылды. Мұнда күнделікті әртүрлі тақырыпта қызықты ойындар, мастер-класс, пікірсайыс ұйымдастырылып, спорт түрлерінен жарыс, аспаздық пен қолөнер, сурет, туризм мен өлкетанудан арнайы бағдарламамен танымдық сабақтар өтеді. Балалардың жазғы уақытын тиімді пайдаланып, қарым-қабілетін шыңдауға таптырмас шешім екені рас. «Телефон мен теледидарға телмірмей, бірнәрсе үйренсін» деген ата-аналар күндізгі лагерьлерге ұл-қыздарын қуана әкелді.

    Туған әке-шешесінен айырылып, отбасылық үлгідегі балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар да мерекеде назардан тыс қалмады. Аудан әкімі Т.Байеділов осындай екі балалар үйі мен бір қабылдаушы отбасына арнайы барды. Ондағы тәрбиеленушілердің хал-жағдайын біліп, өнерлерін тамашалап, тәттілер мен сыйлықтар табыстады.

    Сонымен қатар Есік қаласындағы жастар саябағында балаларға арналған үлкен мерекелік іс-шара өтті. Балаларға тегін балмұздақ таратылып, аниматорлар кішкентайлардың көңілін көтерді. Балалар сурет салып, би биледі. Саябақ мейрамға орай безендіріліп, аудандағы техникалық-шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталықтарының көрмелері ұйымдастырылды. Оқушылардың салған суреттері, жасаған қолөнер туындылары, әр салада ашқан жаңалықтары мен робототехника жетістіктері жиылған жұртқа таныстырылды. Аймақ басшысы балаларды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Концерттік бағдарламадан бөлек, мерекеге жиналған балалар ғана емес, үлкендерді де балаша қуантып, керемет көңіл күй сыйлаған ­­­– аудандық өрт сөндірушілердің сыйы болды. Құтқарушылар балаларға арнап үлкен фонтан жасады. Аспанға атқылап, жерге жаңбырша құйған судың астында шаттанып жүгірген жандар қай жасқа келсек те, іштей бейкүнә бала екенімізді көрсеткендей болды. Осылай бейқам балалықтың бір күні әдемі, әрі әсерлі эмоцияға толды.

    Құралай Мұратқызы,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа бюллетень таныстырылды

    Жаңа бюллетень таныстырылды

    2 years ago
    Өңір оқушылары халықаралық байқаудан жүлде алды

    Өңір оқушылары халықаралық байқаудан жүлде алды

    1 month ago
    Қарасай ауданында 700 шақырым жолға асфальт төселмеген

    Қарасай ауданында 700 шақырым жолға асфальт төселмеген

    2 years ago
    Мәжілісте ауыл әкімдерінің өкілетін кеңейтуді ұсынды

    Мәжілісте ауыл әкімдерінің өкілетін кеңейтуді ұсынды

    2 years ago
    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.