-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғылым мен технологиядағы тың серпін

    12.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Ғылым мен технологиядағы тың серпін
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          12 сәуір – Ғарышкерлер күні. Бұл – адамзат баласының ғарышты алғаш игерген күн. Тарихи тұрғыда Қазақстан үшін бұл күннің маңызы ерекше. Себебі, алғашқы ғарышқа сапар қазақ жері Байқоңыр­дан басталған. Көкжиектен әрі асқан ғарышкер Юрий Гагариннің космосты бағын­дыр­ғанынан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ғарыш кеңістігіне бастар осы қақпа еліміздің ғылыми-техно­логиялық әлеуетінің бір нышанына айналды.

    Бүгінгі таңда ұлттың келешегімен тікелей байланысты сала өзгеше серпін алып,  ғарыштық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Спутниктік интернет, GPS, климаттық мониторинг сынды аса қажетті жүйелер соның айқын дәлелі. Міне, сондықтан да елімізде ғарыш саласын қарыштату тарихи жауапкершілік пен орасан мүмкіндіктерге толы ерекше бағыт.
    Қазақстан тарихында үш бірдей ұлт азаматы ғарыш кеңістігіне сапар шекті. Олар – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов. Бұл үш батыр – тек ғарышкер ғана емес, ұлттың ертеңі үшін тер төккен тұлғалар. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғарыш саласын дербес дамыту қолға алынып, бұл бағытта ірі қадамдар іске асты. 1991 жылы ғарышқа ұшқан Тоқтар Әубәкіров Кеңес одағы құрамындағы тұңғыш қазақ ретінде ғана тарихта қалуымен қатар, тәуелсіздік табалдырығында тұрған ұлттың болашаққа деген сенімін ұштады. Бұл оқиға ұлт рухын көтеріп, жас буынға жаңа үміт сыйлаған ерекше сәт ретінде санамызда сақталды. Тоқтар Әубәкіровтан кейін Талғат Мұсабаев үш мәрте ғарышқа сапар шегіп, өзінің кәсіби шеберлігі мен ғылыми еңбектері арқылы әлемдік ғарышкерлер элитасына енді. Әлем бойынша үздік тәжірибесімен танылған ол халықаралық ғылыми зерттеулерге қатысып, ғарышта ұзақ уақыт болған санаулы ғарышкерлердің тізіміне қосылды. Ал тәуелсіз Қазақстанның төл ғарышкері Айдын Айымбетов 2015 жылы көкке көтеріліп, елдің жаңа дәуірдегі техникалық және рухани өрлеуінің символына айналды. Оның ғарышқа ұшуы еліміздің жаңа буын ғалымдарына үлкен шабыт берді.
    Бүгінгі отандық ғарыш саласы нақты ғылыми-техникалық жүйеге бағытталуда. Атап айтсақ,  «KazSat» байланыс спутниктері арқылы цифрлық дербестікке қол жетіп, «KazSat-2» мен «KazSat-3» аппараттары Қазақстанның телерадио хабарларын тарату мен интернет байланысын толық қамтып отыр. Сонымен қатар «Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы жерді қашықтан зондтау, спутниктік навигация, ғарыш мониторингі сынды бағыттарды дамытып, азаматтық және қорғаныстық мақсаттағы жобаларды жүзеге асыруда.
    Ғарыш ғылымын дамыту – жай ғана технократиялық мақсат емес, бұл – ұлттық қауіпсіздік, экономикалық тәуелсіздік және адами капитал сапасының индикаторы. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғарыш саласына ерекше мән беруі заңды. Ол 2023 жылы өткен Digital Bridge форумында: «Бізге толық цифрландырылған, дербес ғарыштық инфрақұрылым қажет. Ғарыш ғылымы – ұлттық қауіпсіздігіміз бен тәуелсіз дамуымыздың кепілі. Жаңа спутниктер мен ғарыштық мониторинг жүйелері ауыл шаруашылығынан бастап, экология, қорғаныс және цифрлық экономикаға дейін көптеген салаға тың серпін береді», – деп атап өткен болатын. Мұндай көзқарас ел басшылығы тарапынан ғарыш саласына стратегиялық маңыз беріліп отырғанын көрсетеді.
    Қазіргі таңда елімізде ғарыш саласына маманданған кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтары қалыптасып келеді. Бұл үрдіс жастарды ғылымға тартуға, елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға айрықша серпін беруде. Ғарыш технологияларына мамандандыру бағытындағы жоғары білім беретін оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ  ғарыш – болашақтың саласы екенін бағамдап, соған лайықты жас мамандарды даярлауда. Нәтижесінде Тоқтар, Талғат, Айдын бастаған ұлы жолды жалғайтын жас ғалымдар мен инженерлердің де қатары көбейіп, ғарышқа ұмтылысы жоғары кадрлар қалыптасып келеді. Егер осы қарқынды тоқтатпай, мемлекет тарапынан қолдау жалғаса берсе, болашақта Қазақстан ғарыш державалары қатарынан табылары сөзсіз.
    Ғарышкерлер күні  өткенге тағзым етуімен қатар, көк аспанмен шектелмейтін арман мен мақсаттарды еске салады. Қазақстан – тарихи тұрғыдан ғарышпен тығыз байланысты ел. Ендігі міндет – бұл артықшылықты тиімді пайдаланып, ғылыми-инновациялық көштің алдында болу.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Алматы облысында оқу жылы қалай корытындыланды?

    1 year ago
    «Таза Қазақстан» бағдарламасына кәсіпкерлер де атсалысуда

    «Таза Қазақстан» бағдарламасына кәсіпкерлер де атсалысуда

    9 months ago
    Фото: Белта

    Қарасайлық әнші «Славян базары» халықаралық өнер байқауында топ жарды

    2 years ago
    Өркениеттер керуені

    Өркениеттер керуені

    2 days ago
    Дамудың басым бағыттары белгіленді

    Дамудың басым бағыттары белгіленді

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.