-13 °c
Qonaev
Friday, June 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    МӘДЕНИЕТ ОТЫ МАЗДАДЫ

    18.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Мәдениет
    МӘДЕНИЕТ ОТЫ МАЗДАДЫ
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

            Жамбыл ауданында шалғай елдімекендерге Мәдениет үйлері салынуда. Соның бірі Тәуелсіздік күні Үлгілі ауылында қолданысқа берілді. Бұл ауыл жұртшылығына көл-көсір қуаныш сыйлап, күннің суығына қарамастан Мәдениет үйінің ашылу салтанатына тұрғындар көптеп жиналды.

    Салтанатты шарада аудан әкімі ­Нұрлан Ертас сөз сөйлеп, мәдениет – ұлттың рухани байлығы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мәңгілік мұра екенін айтты.
    – Осы мұрамызды сақтап, дамытуға жасалған маңызды қадамның бірі – Мәдениет үйлерінің салынуы. Елдің рухани, әлеуметтік және экономикалық өркендеуі мәдениет саласын дамытудан негіз алады. Бұл ретте мемлекет тарапынан бірқатар шара қабылданып, кітапхана, мұражай, Мәдениет үйлерін салуға, жаңғыртуға, жабдықтауға қомақты қаржы бөлініп келеді. Нәтижесінде шалғай елдімекендерде де рухани ошақтар іске қосылуда. Бұл халықтың мәдениетке қолжетімділігін арттыруға және шығармашылық әлеуетін көтеруге ықпал етеді. Мұнда ән мен күй төгіліп, жастардың дарыны шыңдалып, жарқын болашаққа жол ашатын істер атқарылады деп ойлаймын. Сондықтан бұл шаңырақ тек шығармашылықтың ғана емес, сол арқылы бірліктің, татулықтың, рухани байлықтың мекеніне айналарына сенеміз, – деген аудан басшысы ауылдың өркендеуіне бағытталған басқа да маңызды жобаларға тоқталды.
    Айтуынша, соңғы 10 жылда аудандағы Мәдениет үйлерін күрделі жөндеу немесе қалпына келтіруге 1 жарым миллиард теңге бөлінген. 2020 жылы Сұраншы батыр ауылында Мәдениет үйі ашылды. Мәтібұлақ, Шиен, Қарғалы ауылдарында Мәдениет үйлері салынып жатыр. Үлгілінің атына заты сай келуі үшін бірқатар ауқымды іс атқарылған. Мұнда ауызсу мәселесі шешімін тауып, медициналық мекеме салынды, табиғи газ құбыры тартылды.
    Жиында осы ауылдың перзенті, облыстық мәслихат депутаты Лаззат Тұрлашов сөз алып, кезінде атасы Махат Тұрлашовтың осында тұңғыш мұғалім болып, мектеп салғанын, кейін ол клубқа айналғанын еске салды. Сол ғимарат әбден тозығы жеткенше тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізетін бірден-бір мәдениет орны ретінде қаншама ұрпаққа қызмет көрсеткенін тілге тиек етті. Енді, міне, орнына заманауи үлгіде жаңа Мәдениет үйі тұрғызылды. «Жүзеге асырылған игіліктің барлығы ең алдымен ел тәуелсіздігінің арқасы», – деді халық қалаулысы.
    Келесі кезекте осы ауылда біраз жыл нәтижелі еңбек еткен, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ескелді Құдайбергенұлы құттықтау лебізін жеткізіп, бұл рухани орынның шағын елдімекеннің мәдени өміріне серпін береріне сенім білдірді.
    Көпшілік алдында нысан құрылысын жүргізген мердігер ұйымның жетекшісі Қази Әбдірайымұлы ғимараттың нышан кілтін Мәдениет үйінің директоры Алтай Еспенбетовке тапсырды. Ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Мұқатай Асқарбаевтың ақ батасымен ғимарат лентасы қиылып, құрметті қонақтар мен тұрғындар ішке енді. Мәдениет үйі қазіргі заманғы қажетті техникалармен жабдықталып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған. 150 орынды көрермен залы, шығармашылық топтар мен үйірмелер үшін бөлмелер, қызметтік кабинеттер бар. Осында 10 мыңға жуық кітап қорымен ауылдық кітапхана орналасқан.
    Жаңа Мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтіп, аудан басшысы Нұрлан Ертас мерекелік құттықтау сөзін жеткізді. Шара барысында ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, дамуына елеулі үлес қосқан бірнеше адамға «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды. Олардың арасында ақын Гүлнар Өмірзақова, ардагер журналист, жазушы Қарабай Әбуұлы бар.
    Салтанатты шара соңы аудандық «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің Тәуелсіздік күніне арнаған мерекелік концертіне ұласты.

     Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Үлгілі ауылы

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Тілсіз жаудан құтқарды

    Тілсіз жаудан құтқарды

    11 months ago
    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    Мемлекеттік қызмет туралы заңға қандай өзгерістер енгізілгені түсіндірілді

    2 years ago
    ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН

    ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН

    2 months ago
    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    10 months ago
    «Асыл армандағы» арманға айналған мектеп

    «Асыл армандағы» арманға айналған мектеп

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.