⛅
14°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – Бірлік пен келісім саясатының маңызды кезеңі

    15.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қоғам, Саясат
    Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – Бірлік пен келісім саясатының маңызды кезеңі
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    15 сәуір күні Қонаев қаласындағы Алматы облысы әкімдігінің №4 мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясы қарсаңында облыстық Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті.

    Іс-шараны Алматы облысының әкімі, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Марат Сұлтанғазиев ашып, отырысқа қатысушыларды тарихи мәні зор жиынмен құттықтады. Төраға өз сөзінде:
    «Тұрақтылық пен этносаралық келісім – ел дамуының негізі. Ассамблея осы бағыттағы негізгі қоғамдық институт ретінде өз маңызын үнемі дәлелдеп келеді», – деді.

    Отырыс барысында үш маңызды мәселе қаралды:

    1. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасарларын сайлау.
    Ұсыныс ретінде «Барбанг» күрділер қауымдастығы» және «Ронаи» этномәдени орталығының төрағасы Гамзе Бадриевич Гейдаровтың және облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Данибекұлы Беспаевтың кандидатуралары ұсынылды.
    Ашық дауыс беру нәтижесінде қарсы немесе қалыс қалғандар болмады. Екі үміткер де бірауыздан қоғамдық орынбасар лауазымына сайланды.

    2. Ассамблея құрамына жаңа мүшелерді қабылдау

    3. Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесінің куәліктері мен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медальдерін табыстау

    Осы сұрақтар бойынша сөз облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әзілжанұлы Абитовке берілді. Ол Ассамблея жұмысының бағыттарын атап өтіп, жаңа мүшелердің қосылуы мен марапатталған азаматтардың ел бірлігін сақтау жолындағы үлесін ерекше атап өтті.

    Жиын барысында Ассамблеяның 35 белсенді мүшесіне арнайы куәліктер мен мерекелік медальдер табысталды. Бұл марапат – олардың елдегі бейбітшілік пен татулықты сақтауға қосқан үлесінің айғағы.

    Кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Асылы Әлиқызы Осман өз сөзінде Ассамблеяның қоғамдағы бірлік пен келісім жолындағы орны мен рөліне ерекше тоқталып, алдағы уақытта да бұл институттың ел игілігі үшін қызмет ететініне сенім білдірді.

    Отырыс соңында Кеңес төрағасы Марат Сұлтанғазиев барлық қатысушыларға алғыс айтып, Ассамблеяның жаңа кезеңдегі міндеттерін атап өтті. Ол Ассамблеяның бейбітшілік пен тұрақтылықтың тірегі ретінде одан әрі де табысты қызмет ете беретініне сенім білдірді.

    Ұсынымдар

    Қаламгерлерге құрмет

    Қаламгерлерге құрмет

    7 months ago
    “Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім”

    “Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім”

    2 years ago
    ОСК: Сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берді

    ОСК: Сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берді

    2 years ago
    AMANAT: Петроглифтер жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр

    AMANAT: Петроглифтер жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр

    2 years ago
    Алматы облысында газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті

    Алматы облысында газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>