[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Кітап – ең құнды сыйлық

    23.04.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Кітап – ең құнды сыйлық
    0
    SHARES
    23
    VIEWS

    Еліміздегі оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі бастама биыл да өз жалғасын тапты. Ұлттық кітап күніне орай Қонаев қаласындағы орталық кітапханада «Ауылға кітап» жобасы аясында шалғай аудандардағы жаңа ашылған жастар орталықтарына кітаптар табысталды.

    Мәдени шарада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Өлке тынысы» ЖШС директоры Кәдірбек Құныпияұлы мен белгілі  қаламгер Алтыншаш Жақиянова мол рухани қазынаға жол ашатын жоба жайлы ізгі ойларын ортаға салды.

    – «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген екен жазушы Әбіш Кекілбаев. Шындығы сол, кез келген белгілі тұлғадан осы деңгейге жету жолын сұрасаңыз, ол өзінің қалыптасу барысын міндетті түрде оқыған кітаптарымен байланыстыратыны анық. Бүгінде әлеуметтік желінің заманы десек те, кітаптың орнын басатын ешқандай парасат құралы жоқ. Өйткені парақтап оқыған дүние тасқа басқан таңбадай есте қалады. Жастар кітап оқумен бірге, мерзімді баспасөзге де баса назар аударғаны жөн. Өйткені  газет пен кітап жастарды санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырман болуға жетелейді, – деді Кәдірбек Құныпияұлы.

    Ақын Алтыншаш Жақиянова жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі мен рухани құндылықтарды ұрпақ бойына дарытудың маңыздылығын тілге тиек етті. Сонымен қатар өз кітаптарын жастарға сый ретінде тарту етті.

    Биыл «Ауылға кітап» жобасы шеңберінде құны 2 миллион теңгеге бағаланған 500 кітап Балқаш, Кеген және Райымбек аудандарындағы жаңа ашылған жастар орталықтарына табысталды. Бұл игі бастамаға М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолдау көрсетіпті.

    Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Еламан Төлепергеннің айтуынша, сыйға берілген кітаптардың құндылығы зор. Олардың қатарында «Жыраулар поэзиясы», «Ұлы дала ойындары», «Алпамыс батыр», «Абай», «Мұхтар Әуезов», «Алаш қайраткерлері және ұлттық фольклор» сынды танымал еңбектер бар. Ауыл жастарының қазақ руханияты мен мәдениетіне терең бойлап, кітапқа деген қызығушылығын арттыруда аталмыш жобаның берері мол болмақ.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Бауыржан Аленов в Талгаре: «Подозреваемые будут установлены и понесут ответственность»

    Бауыржан Аленов в Талгаре: «Подозреваемые будут установлены и понесут ответственность»

    1 year ago
    Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

    Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

    2 years ago
    “Алатау тазалық үшін” экоакциясы басталды

    “Алатау тазалық үшін” экоакциясы басталды

    2 years ago
    ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ

    ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ

    1 year ago
    Өткенге тағзым, ұрпаққа өнеге

    Өткенге тағзым, ұрпаққа өнеге

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>